Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ!

2018-2019 оқу жылындағы «Қалыпты физиология» кафедрасыныда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ!» атты іс-шара мектеп деңгейінде өткізілді. Іс-шараға «Қалыпты физиология» кафедрасының меңгерушісі Ш.О. Рыспекова, кафедра профессоры А.Д. Соколов, Жалпы медицина мектебінің  деканы Г.А. Шопаева, жалпы медицина мектебінің  орынбасары Ж.Б.Садық шақырылды. Кафедраның аға оқытушысы Б.А.Джусипбекова, оқытушылар К.К. Мусина, Г.М. Айтжанова. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен жалпы медицина мектебі және халықаралық медицина факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны 1 курс студенті А.Қанатов «Адай» күйімен ашты. Алғашқы сөз  кафедра профессоры А.Д.Соколовқа берілді. Профессор Соколов студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесі жұмысы жөнінде мағлұмат бере отырып, жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды. Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттері Н.Омірзакова, А.Мейрбек, А.Жали «Жемқорлық-індет,жою-міндет!» атты тақырыбына үш тілде баяндамаларын жасады. Баяндамада жемқорлық және оның зардаптары көрсетілді. «Жемқорлық және медицина» тақырыбына осы мектептің 1 курс студенттері А.Қанатов, Ж.Әдехан,Е.Қуандықовтың орындауында  жасалған бейнероликтері көрсетілді. 1-курс студенттері А.Мейрбек пен Н.Омірзакова жемқорлықпен күресті өлең жолдарымен жеткізді. «Жемқорлықпен күрес-басты міндет»  тақырыбында түрлі буклеттер дайындалды. «Жемқорлық» тақырыбында халықаралық медицина мектебінің ағылшын бөлімінің  студенттері А.Чаударри мен М.Рақымжанов өз баяндамаларын ұсынды, баяндамада басты назар жемқорлықпен күрес жолына қойылған.

Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып,өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу қаншалықты маңызды екенін айқындады.