Кафедра тарихы

Республикада психиатрия кафедрасы алғаш рет Алматы Мемлекеттік медициналық институтында 1936 жылы ашылды. Ол 1996 жылы 100 жасқа толған психиатриялық емхананың базасында ашылды. Психиатрия кафедрасының алғаш меңгерушісі болып, Бехтерев атындағы психоневрология  институтының қызметкері Б.Н.Серафимов болды. Оның басшылығымен сол уақытта Қазақстан үшін қызықты мәселелердің бірі шеткі патология мақала түріндегі малярийдік және акрихинді психоздарды зерттеу  жайындағы  жұмыстар жасалды Профессор А.П. Штесс 1947-1955 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.  Ол ең бірінші оқу процесіне үлкен назар аударды. Практикалық сабақтардың сапасын жақсарту мақсатында  А.П.Штесс жалпы психопатология бойынша әдістемелік құралдар   құрастырды. А.П.Штесс көп жылдар мен күшін сала отырып, Каз ССР штаттан тыс бас психиатры бола отырып,  ұйымдастырушылық қызмет атқарды.Оның басшылығымен 1953 жылы Қызылорда қаласында  бірінші Республикалық психиатрлар жиналысы өткізілді.

1957 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып, м.ғ.к.  Г.И.Зальцман тағайындалды. Клиникалық база және оның бас дәрігері  В.Е.Вецнердің көмегімен 5 жыл ішінде кафедраның творчесвтвалық белсенділігі арта бастады. Совет  уақытында алғаш Г.И.Зальцман  ойлап тапқан  «нейролептикалық тістер» деп аталатын шизофрения   ауруының емдеу үлгісі басқаларына қарағанда  сапалы болды. 60-80жж аралығында профессор Г.И.Зальцман басшылығымен психопатологиялық сндром және алгокольды патология, Р.Г.Илешеваның басқаруымен жас ерекшелік психиатриясының басты мәселелері зерттеле бастады.

Г.И.Зальцманмен жүргізілген клинико-психопатологиялық сандырақ зерттеулері оның 1969 жылы Ташкент қаласында қорғаған докторлық диссертациясының негізі болды.

Е.К.Медетова, Е.Б.Байтураева, Л.П.Попова, Ю.Т.Джангельдина, М.Ш.Джамантаева, Н.Т. Измайлова, Л.Е.Базарбаеваның жұмыстары профессор Г.И.Зальцманның басқаруымен  Мәскеу қаласында,  Сербс атындағы ғылыми зерттеу  институтында Қылмыстық психиатрияда қорғалды. Бұл жұмыстарда Алматы кафедрасының құрастырған еңбектері ерекше көзге ілінді. 1996 жылы Г.И.Зальцманның басшылығымен  аспирант Б.Б.Джарбусынова «Бүйрек жеткіліксіздігінен пайда болған психикалық патология»  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.  Оның жұмыстары  Ресей медициналық ғылымдар Академиясының  материалдар жиынтығында, Бүкіләлемдік психиатриялық Ассоцияциясының  Х-ХІ  конгресс материалдарында жарияланды. Оның 2 жұмысы сертификат берілуімен қатар, Бүкіләлемдік сияқы жүлдегері болды.

80-90 жылдары алкоголизм,наркомания, таксикомания мәселелері орын ала бастады.Бұл мәселенің негізгі аспектілеріне «феминизация» жасөспірімдер арасында токсикоманияның таралуы болды.

А.С.Субханбердинаның кандидаттық диссертациясың тақырыбы әйелдер арасындағы алкоголизмге арналды.(ғылыми басшысы Р.Г.Илешева).

1998 жылы Қазақстан психиатр мамандарының Халықаралық аурулар классификациясын 10-шы қайта қарау жұмысын жеңілдету мақсатында жаңа еңбектер  жарыққа шыға бастады. (МКБ-10).

Бұл жұмыстармен қатар кафедра қызметкерлері Денсаулық министрлігене ұйымдастырушылық көмек көрсетіп, халық арасында психиатриялық көмек көрсете білді.

1991-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының штатттан тыс бас психиатры профессор Г.М.Кудьярова болды. Осы жылдар аралығында Г.М.Кудьярова психиатрия кафедрасының меңгерушісі болды. Кафедрада әдістемелік материалдарды жаңарту,әдістемелік оқу- құралдарын студенттер мен мұғалімдерге арналған кестелер т.б. ұйымдастырушылық жұмыстары жасалынды. Бас психиатр маман ретінде Республика аймақтарын аралап,  психиатриялық кеңес ретінде халық арасында көмек көрсетті.

1994-2000 жж., профессор Құдиярова Г.М.психиатрия кафедрасының  басшылығымен., психиатрия, наркология, психотерапия және психологияның өзекті мәселелеріне арналған 5 жинағы шықты. Профессор Қудьярова Г.М. Қазақ тіліндегі «Ұлттық энциклопедия» бөлімінде «Психиатрия» бөлімі бойынша мақалалардың авторы, А.1 (А-Е), 1998 ж. 1999 жылы шығарылған «Психиатрия» бөлімінде профессор Муминова Т.А. редакциясымен медицина сөздігінің құрастырушысы (қазақ-орыс).

Г.М. Кудиарованың  докторлық диссертациясы (2000 жылы Мәскеуде, Сербия Мемлекеттік әлеуметтік және сот психиатрия ғылыми-зерттеу орталығында), «Қазақстан Республикасында психикасының бұзылуының негізгі белгілері» – клиникалық эпидемиологиялық зерттеу болып табылады.

Кафедра психиатрияны оқытудың көптеген кешенді мәселелерін, атап айтқанда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын (СҒЗЖ), студенттердің өзіндік жұмысын бақылау нысандарын дамытуға көңіл  аударады. Кафедрада «Медициналық жоғары оқу орындарының барлық факультеттерінің студенттері үшін психиатрия бағдарламасы» және «Медициналық жоғары оқу орындарының барлық факультеттері үшін медициналық психология бағдарламасы», «Психиатриядағы клиникалық тұрғындарды даярлау бағдарламасы» әзірленді.

Ассистенттер бөлімшелерде науқастарды жүргізді. Кафедра басшылығымен жана дәуір психофармокологиялық прапатартары енгізіле бастады. Республиканың басқа аймақтарына шығу арқылы көлемді емдеу-кеңес, әдістемелік ұйымдастырылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп отырды.

2000-2001 жылдар аралығында  кафедра меңгерушісі  Алматы  дәрігерлер білімін жетілдіру институттының профессоры, КазНМУ  психиатрия кафедрасының профессоры психиатр-дәрігер Н.Т.Измайлова болды.Ол 1998 жылы Ташкент қаласында «Ауыр гашишті интоксикация, шизофрения» тақырыбында диссертация қорғады.

Оның жетекшілігімен психиатрияның клиникалық мәселелері бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар орындалады.

Бас психиатр  Г.М Кудиярованың жетекшілігімен «Психиатриялық көмек және оны қамтамасыз етудегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді (Қазақстан Республикасы Президентінің қолы астында жарияланған, Н.Ә.Назарбаев, 1997 жылғы 16 сәуір). Кафедра қызметкерлері осы заңның дамуына ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында жан-жақты талқылауға тікелей қатысты. Кафедра қызметкерлері «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын дайындауда және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануына қарсы іс-шараларға қатысты.

Кафедраның  қатысуымен 2000 жылдың желтоқсанында ашылған жаңа жоба жасалды. Павлодар қаласында  Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары бойынша ғылыми-практикалық орталығы ашылды.

1999-2000жылдары  кафедра психиатрия және наркология бойынша ғылыми практикалық орталықтың ашылуына (2001ж. Алматы қ. Республикалық клининикалық психиатриялық емхана базасындажоспарланған) белсене қатысты.

Кафедра қызметкерлері есірткілік заттар, психотпропты заттарды қабылдау және олардың заңсыз айналымы туралы Қ.Р. бойынша Заң қабылдауына жұмысына да белсене араласты. Қ.Р-ның президенті халыққа жолдауына сәйкес «Еркіндікке және қауіпсіз қоғамға» 24.10.2000ж. Денсаулық сақтау агентігінің және КазҰМУ ректоратының шешімімен,                    2001 ж наурыз айында кафедра арнайы курс бойынша 2001-2002 оқу жылына  бағдарлама өңдеуге кірісті: «Есірткінің адам ағзасына зияны және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, есіртклерді заңсыз түрде тарату, наркоманиямен наркобизнес пен күрес стратегиясы».

2002-2008жж, кафедра меңгерушісі Нурмагамбетова С.А. болды. Бұл аралықта кафедрада жаңа типтік бағдараламалар жаңартылды, 6- курс интерндерінде  психиатрия пәні қосылып, 1-2 курс студенттеріне «Коммуникативті дағдылар» психиатрия кафедрасынды жүргізіле бастады.  2007-2008 оқу жылынан бастап, наркология жеке пән ретінде  бөлініп шықты.

2008 жыл қазан айынан бастап кафедра меңгерушісі болып, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.А.Алтынбеков тағайындалды. Оның басшылығымен 4 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалған. 100 ден астам ғылыми жариялымның авторы.  С.А.Алтынбеков психиатриялық Ассоциацияның президенті, штаттан тыс Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры болып табылады.

Кафедрамен үлкен оқу-әдістемелік жұмыс жасалды, студенттер, интерндерге арналған  психиатрия мен наркологиядан типтік бағдарламалар, мемлекеттік тілде білім берудің жетілдіру сияқты жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар, заманауи  аудио-видеоматериалдар және интерактивті техниканы пайдалана  отырып білім беру әдістері қолданылады.

2012 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми Кеңесінің шешімін орындау барысында, психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентураның жаңа кафедрасы құрылды.

2016 жылдың 5 қыркүйегінен бастап С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша «2016-2017 оқу жылындағы декандар, факультеттер мен кафедралардың ұйымдық құрылымдарын жаңғырту бойынша университеттің міндеттері туралы», 21.09.2016 ж. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №21 оқу-әдістемелік нұсқауларына сәйкес психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасы, психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентура  кафедрасын және  психиатрия және наркология кафедрасын біріктіру арқылы бакалавриат және резидентура курстарымен психиатрия және наркология кафедрасы құрылды.

2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап, бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі №1 психиатрия және наркология кафедрасына ауыстырылды.

  1. Мақсаты:психиатрия мен наркологияның, балалар психиатриясының және наркологияның теориялық негіздеріндегі бакалавр білімдерін қалыптастыру.

Мақсаттары: 1. психикалық және наркологиялық науқастарды зерттеуге үйрету; 2. синдромның диагнозын қою арқылы психикалық жағдайды бағалау әдістемесін үйрету; 3. Ақыл-ой мен мінез-құлық бұзылыстарын емдеудің тактикасын таңдау дағдыларын дамыту.

Функциялары: Оқу үрдісі, әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, клиникалық қызмет, тәрбие жұмысы.

Қызметтің негізгі бағыттары: жалпы клиникалық тәжірибеге психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы туралы білімді енгізу.