Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелеріне кеңес беру арқылы, емдеу-диагноз қою және ғылыми- әдістемелік көмек көрсетеді. Кафедра қызметкерлері тәжірибелік акушерияда инновациялық перинаталдық технологияларды, сол сияқты гинекологияда минималды инвазивті хирургияны енгізумен және олардың нәтижелілігін бағалаумен айналысады. Жыл сайын кафедра қызметкелерінің қатысуымен 1000-нан астам операциялар жасалынады. Клиникаларда күрделі жоғары технологиялық опеацияларды қажет ететін ауруларға, яғни жатыр миомасы, эндометриоздың жайылған түрлеріне, жыныс мүшелерінің төмен түсуіне, жыныс мүшелерінің даму ақауларына, стрестік инконтиненцияларға хирургиялық емдеу жүргізіледі.