Тәрбие жұмысы

Кафедра қызметкерлері ЖМ 3курс студенттері, Педиатрия, ХМФ, интерндер мен резиденттер арасында тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбие жұмысы – студент-дәрігерлерге болашаққа дұрыс жол таңдауға көмектесетін күнделікті өміріміздің бір бөлігі болып табылады.

3 курстағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаттарының бірі – студенттік өмірге тез және ауыртпалықсыз бейімделу, студенттерді өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлауға үйрету, университеттегі оқу және оқудан тыс үрдістерін ұйымдастырумен таныстыру, ұжымды біріктіру және топта қолайлы микроклимат тудыру.

Интернатура мен резидентурадағы тәрбие жұмысының мақсаты – кәсіби өзін-өзі анықтау, қызығушылықтарын, белгілі бір қызмет түрлеріне қабілеттерді анықтау, кәсіптер әлеміне бағдарлау, заманауи еңбек нарығындағы ерекшеліктермен таныстыру.

Тәрбие жұмысы университеттегі оқу барысында үйлесімді тұлғалық дамуын қалыптастыруға ықпал етеді.