(KAZ) Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты конкурстың есебі

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

2020 жылдың 12 ақпан күні Гистология кафедрасында №3 аудиторияда Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты конкурс ұйымдастырылды. Маңызды іс-шараны өткізу Гистология кафедрасының 016-01,02 кураторы Алсеитова Ф.Д., 014-01,02 топ кураторы Бекен З.Д., Ергазина М.Ж., Есполаева А.Р., Жанбырбаева А.К., Абжапарова А.Т., Омарова Р.С., Оразакиева Т.Т., Желдірбаева М.К. ұйымдастыруымен өтті. Конкурсқа қатысқан қонақтарымыз: Гистология кафедрасының профессоры Юй Рудольф Иванович, Жалпы медицина мектебінің 1 курсқа жауапты декан орынбасары Илиясова Аяулы Даулетовна және 2 курсқа жауапты декан орынбасары Мукашева Марал Сакеновна мен  қалыпты физиология кафедрасының лекторы Жунистаев Диас Дукенбаевич.

Конкурстың мақсаты – қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, тәрбиелік мәні бар өлеңдерін басшылыққа алып болашақта адамдықты, адалдықты биік қоя алатын маманды даярлап үйрету.

 

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты конкурстың БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ғұмыры мен еңбектері жайлы баяндама (презентация түрінде).
  2. Жалпы медицина мамандығы 1 курс студенттері Ұлы Абайдың қара сөздерін оқыды.
  3. Күй орындалды
  4. Конкурс бағдарламасы таныстырылып, кафедра меңгерушісі доцент  М.Ж. Ергазинаға сөз берілді.
  5. Әділқазылар алқасы құрамы бекітіледі. (Илиясова Аяулы Даулетовна, Марал Сакеновна, Жунистаев Диас Дукенбаевич, Ерғазина Марал Жүнісбекқызы)
  6. Конкурсқа қатысушы студенттер өлең оқиды.
  7. Ұлы ақын Абайдың әні «Көзімнің қарасы»
  8. Конкурсқа қатысушы студенттер өлең оқыды.
  9. Аталған мерекеге күй орындалады.
  10. Конкурстың қорытындысы жасалып, әділқазылар алқасына сөз беріледі.
  11. Конкурстың соңында кафедра меңгерушісі доцент  М.Ж. Ергазинаға сөз берілді.

 

Конкурстың қорытындысы бойынша 3 орын тағайындалды: 1 орын – Кенжебаева Альфия; 2 орын – Жолдас Динара; 3 орын – Омашева Айғаным. Конкурсқа қатысқан қалған студенттер белсене қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Жалпы саны 13 студент қатысып, Ұлы Абай шығармаларынан 3 минутқа лайықталған өлеңдер оқылды.

Конкурстағы талқыланған ақпараттар: Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің негізгі айтылатын ойы түсіндірілді. Конкурс барысында студенттермен қоса оқытушыларда шығармалық жағынан өлеңдермен сусындап риза болысты.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

Қорытындылай келе, ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті бола қоймады.

Өткізілген іс-шараның соңында кеш қонақтары мен гистология кафедрасының меңгерушісі Ерғазина Марал Жүнісбекқызына сөз берілді. Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Алуан өлеңдерін бізге мұра етіп қалдырғанын атап кетті. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығындығын атап айтты.