(KAZ) «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы жолдауын талқылау» және «Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік модернизацияға бағытталған бес бастамасы» тақырыбында конференция өтті

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2018 жылы  13 сәуірде клиникалық фармокология кафедрасында

  1. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы жолдауын талқылау»
  2. «Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік модернизацияға бағытталған бес бастамасы» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияны талқылауға ҚазҰМУ ұстаздары: профессорлар, доценттер,ассистенттер, кураторлық топ  және 1 ҚКА базасында әр түрлі білім алушы студенттер қатысты.  Баяндамашылар ретінде клиникалық фармокология кафедраасының оқытушылары  және Жалпы Медицина (бакалаврлар  және ЖТД)  мектебінің студенттері болды.

Конференцияда айтылған баяндамалар және келесі талқылаулар аудиторияда үлкен қызығушылық және пікір талас тудырды. Көптеген сұрақтар қойылып, оған ҚазҰМУ ұстаздарынан конференция тақырыбына қатысты жауаптар алынды. Қорытынды сөзді ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, клиникалық фармокология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахимов К.Д   айтты.  Ол конференцияда баяндалған және қарастырылған сұрақтар Қазақстанның әрбір отбасына үлкен маңызды мүмкіндіктерге жол ашады.  ҚР ҰҒА академигі Рахимов К.Д. конференцияда білім беру саласында көптеген сұрақтарды жақсартуға мүмкіндік беретін Президент жолдауының 7 бағытының маңыздылығын атап өтті. Ол көптеген студенттердің, соның ішінде ҚР білім беру саласының болашағына қатысты сұрақтарына жауап берді.