(KAZ) Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне саяхат

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

20 сәуір 2018 жылы университетіміздің жалпы медицина факультетінің үшінші курсының 15-001-2 топ студенттері Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экспонаттарымен танысты.
Мәдени мекеме халқымыздың өнерін сүйген, этнограф, белгілі мемлекет қайраткері Ө. Жәнібековтың қолдауымен 1981жылы ашылып, 1990 жылы Ықылас Дүкенұлы есімі берілген болатын.
Мұражай ғимаратының тарихына үңілетін болсақ: ағаштан қиылып, қазақтың ұлттық нақышымен безендірілген ғимарат өткен ғасырдың басындағы ағаш сәулет өнерінің үлгілерін қолдана отырып мұражайдың жобасын атақты архитектор А.П.Зенков жасаған.

Музей қорында қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар түрік халықтары, сондай–ақ әлемнің 34 елінің музыкалық 1200-ден астам экспонаттар бар екендігін, солардың ішінде көрмеге қойылғандарымен туристік гид Жұбатқанова Қолқанат таныстырды.

Музейдің мемориалдық музыкалық аспаптары залынан XIX ғ. күйші-композиторлары мен күміс-көмей әншілері Махамбет Өтемісұлы, Біржан сал, Ақан Сері, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Қазанғап Тілепбергенұлы, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаевтың т.б. тұпнұсқа домбыралары, әнші-сазгер Нартай Бекежанов пен Шашубай Қошқарбаевтың қобыздарын және сырнайларын студенттер тамашалай алды.
Кездесу соңында туристік гид Жұбатқанова Қолқанат мұражай ғимаратында жоспар бойынша ай сайын атақты өнер адамдарымен кездесу болып тұратынын, солардың орындауында ән-күй кеші өткізілетінін хабарлады.
ЖМ факультетінің үшінші курсының
15-001-2 тобының старостасы Э.Гуламбаева,