(KAZ) Тұғыры биік Тәуелсіздік

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2018 жылдың  29 қараша күні  ҰМУ АҚ -ның Жамақаев 99 ғимараты 2-ші конф залында, Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тақырыпта  тәрбиелік іс шара өткізілді. Кеш Жалпы медицина мектебінің ЖМ-18-11, 15, 18 топ студенттері және олардың жетекшілері кафедра доценті К.С. Нұртаева, оқыт.  А.Ж. Мустафаева, Р.М. Шайхымбекованың ұйымдастырылуымен жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: Студенттер бойында отан сүйгіштік – патриоттық сезімдерін ояту.

Студенттерге қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, сол қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Қаншама құрбандықпен қол жеткізген тәуелсіздікті құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

Кеш Қазақстан ән ұраны орындалуымен ашылды. Тәуелсіздік күнге арналған презентация көрсетілді. Студенттердің орындауыда патриоттық әндер, ұлттық билер, қойылымдар қойылды және тәуелсіздік құрбандарын еске алу сәті өтті.

Кеш соңында кафедра аға оқытушысы И.К. Нурпеисованың студентер мен оқытушыларға деген құттықтауы, ізгі тілек және алғыс айтуымен аяқталды.

Кешке  «Жалпы медицина» факультетінің деканатына, тәрбие бөлімінің өкілдеріне, молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушыларына алдын ала шақыру қағаздары жіберілді және кешке кафедра оқытушылары мен жалпы медицина мамандық студенттері қатысты.