(KAZ) Студенттер анатомия кафедрасының оқытушысына алғыс білдірді

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

Осы жыл біз үшін ерекше,әрі есте қалардай жыл болды.Оқу орнымызда өткен әрбір сәт біз үшін бағалы.Ақ халатты абзал жан болуға алғашқы қадамдарды жасадық.Осындай қадамдарды жасауға септігін тигізген анатомия кафедрасының меңгерушісі,әрі біздің ең керемет апайымыз Ахмад Нұргүлім Сағидулловнаға айтар алғысымыз шексіз. Анатомия-біз бастаған жолдың түп негізі.Осы жолда біздің алғашқы кірпішімізді қалап,бізге демеу берген апайымызды қатты құрметтейміз.Аптасына бір мәрте болатын сабақты асыға күтетін едік.Апаймен өткен әрбір сәтіміз қызықты да мағыналы болды.Алайда,елімізде болған қауіпті кезеңге орай,қашықтықтан оқытуға көштік.Әдетте ұстап көріп жаттайтын нәрселерді қашықтықтан оқып білген қиын болды.Бірақ,анатомия кафедрасының ұстаздары бізге қолайлы болуы үшін барлық жағдайды жасады.Лекциялар мен бейне сабақтардың арқасында анатомияны жақсы меңгердік.Айта кетсек:Досаев Т.М,Жаныбеков Д.Е,Шакенов Б.Ш ұстаздарымыздың бейнероликтерінің пайдасы көп болды.Біздің жүрегі кең,ақылшы,мейірімді апайымыз Нұргүлім апайдан үйренгеніміз де,үйренерімізде  көп болды.Мамандығымыздың маңызын түсіндірген,қате басқан жерден түзеткен,жақсы ой айтсақ мақтаған апайымыз біздің оқу орнымыздағы үлгі тұтар,жарты жыл бойы өмірімізден ерекше орын алған жан болды.

Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз,біздің сүйікті апайымыз!

Анатомия кафедрасына үлкен рақмет айтамыз.

Құрметпен Жалпы медицина факультетінің 19-007/2 студенттері!