(KAZ) Заманауи дәрігер: Ол қандай болуы керек? С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУжалпы хирургиякафедрасының доценті А.Қаныбеков

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

             Елбасы келесі жылды жастар жылы деп атап өтуді ұсынды. Соған байланысты келешекте адам жанының арашасы дәрігер қандай болуы керек туралы сыр шертпекпіз.        Менің дәрігерлік мамандықты таңдаған студенттерім менен жиі сұрайды: жақсы дәрігер кім, қалай болуға болады?  Мен бұл сұраққа жауап беруге тырысқым келеді, өйткені елу жылдан астам уақыттан бері жақсы заманауи дәрігер болу дегеннің не екенін түсіндім.

                Дәрігер болу өте қиын, біз құдай емеспіз, кейде қателесеміз, медицинада бәрін білу мүмкін емес, соған байланысты қате жібермеуге әруақытта тырысу керек. Бірақ, бұл жұмыстан ләззат алуыңыз  және сіздің жауапкершілікке  дайын екеніңізді білуіңіз қажет. Сонымен, 21-ші ғасырдың дәрігерлерін қалай болуын қалаймыз  және  өзім де сондай болуға тырысуым керек.

  • Жақсы дәрігер ешуақытта жеткен дәрежесінде тоқталып қалмауы қажет

Ол үнемі оқу үрдісінде болуы керек. Дәрігер кәсіби деңгейін өмір бойы, ең болмағанда 5-10 жылда бір рет емес, бірнеше рет жоғарылатып тұру қажет.  Егер, мүмкіндік болса медицина күшті дамыған  шетелдік әріптестеріңізбен оқу немесе жұмыс істеу тәжірибесімен алмасып тұру қажет, себебі ол жақта менің ойымша,  медициналық стандарттар мінсіз түрде жетілдірілген. Дәрігер медицина ғылымы мен тәжірибесі  әлемінде болып жатқан барлық жаңалықтар туралы біліп, басқа мамандармен тәжірибе алмасып тұруы керек. Жақсы дәрігер –медицинаға ғылыми, дәлелді тұрғыдан қарауы қажет
Дәрігер емдеудің кешенді  әдістерін игеріп және дəлелдендірілген медицина негіздерін ұстанып, осы əдістерді қолданып, жақсы зерттелген жəне медициналық тәжірибеде тиімділігі маңызды зерттеулермен дәлелденген препараттарды тағайындауы керек. Дәрігер науқасқа диагнозды кездейсоқ түрде анықтап қоймай немесе «жәй ғана ем» жүргізе салуға тырыспауы қажет. Ең алдымен — заманауи диагностиканың әдістерін меңгеру. Емдеу әдістерін  анықтаған кезде науқасқа пайдалы жағын ойлау қажет: егер хирургиялық операция жасауға көрсеткіш жоқ болса — онда консервативті терапияны тағайындау, егер операция жасау қажет болса -мүмкіндігінше мүшелердін және оның қызметтерін  сақтай отырып, шағын  инвазивті түрде жүргізуге тырысу қажет. Дәрігердің емдік тағайындауы халықаралық хаттамаларға негізделуі керек. Жақсы дәрігер қазіргі  және болашақ науқастарына қол жетімді болуы керек Ол науқастарымен хабарласып тұрады, байланысын үзбейді, өзінің  жасап және орындайын деп жатқан әрекеттерін түсіндіреді, кезкелген сұрақтарына жауап береді, түсіндіреді, тексеру жүргізілейін деп жатқан тексеру амалдары  және шаралары туралы түсініктеме береді. Дәрігер шұғыл қажет болған шақта оған телефон шалуға немесе жазбаша хабарласуға болады, соған байланысты тәуліктің уақтысына қарамай дәрігер науқасына көмек беруге келеді., Қоғамды сауаттылыққа тәрбиелейді, адамдардың медициналық түсініктерін  арттырады  және медицина саласында жарияланып жатқан  мәселелер бойынша оларға хабарлауды ұйымдастырады, сол үшін әлеуметтік желілерде белсенді түрде айналысады. Жақсы дәігер әрдайым инабатты және науқастарға  түзу «көзқараста» болады     Ол кәсіби маман, соған ылайықты әрекет жасайды.  Ол науқасқа мұқият қарайды және оның шағымдардын, аурудың белгілерін, бұрынғы бастан кешкен аурулары және қазіргі уақытта қабылдап жатқан дәрілері туралы толық түрде сұрастырады.  Дәрігер науқастың оған деген сенімділігін және қауіпсіздік сезіміділігін  тудыруы керек, науқас барлық уақытта дәрігердің жанында  өзін қауіп-қатерсіз екендігін сезіне білуі қажет. Осындай  дәрігердің жанында науқас үнсіз және әлсіздік білдірмеуге тиіс, керісінше қандай ем шаралары жүргізілейін деп жатқаны туралы дәрігердің пікірін біледі, ол науқаспен ақылдасады, ақпарат береді, соған байланысты науқас қандай ем қабылдағысы келетінін өзі таңдайды. Жақсы дәрігер команда құрамының диагностикалық әдіс және ем жүргізу жөніндегі үсынысын  қолданадыЕгер дәрігер науқасты емдеу үшін басқа маманның көмегі қажет деп есептеуге негіз болса, ол кімге хабарласып, неге қажет екенін түсіндіріп, науқас туралы деректерді кеңес беретін  дәрігерге хабарлап, әрі қарай   бірлескен түрде жұмыстарды жалғастыруды ұсынады. Медициналық тәжірибесі жеткіліксіз дәрігер  қажет кезде лауазымы кіші болса да, бірақ өмірлік тәжірибесі мол мейірбикенің ұсынысына да зер салуы қажет. Дәрігердің адамгершілігі  Адамның денсаулығы-ешқандай байлықпен бағаланбайды, сондықтан бұндай құндылықты кез-келген дәрігерге сеніп тапсыруға болмайды. Адамгершілігі мол жақсы дәрігер материалдық мүдделерге байланысты емес, әрдайым өзіне тиісті кәсіппен шын-тәнімен айналысуы керек. Тек осындай мамандар ғана шынайы бейімділікті көрсете алады. Соған байланысты дәрігер мейірімді болу керек. Дәрігер -адамдарды сүйе білулері  керек. Дәрігер  білімді болуымен қатар және барлық уақытта көмек беруге дайын болудан бөлек  науқасқа шынайы махаббаттық пен мейрімділікпен қарамайтын болса, онда  жүргізіліп жатқан ем барлық уақытта жақсы нәтиже бермейді. Дәрігердің жұмысы азапты жеңу және науқасты өлімнен құтқару болып табылады. Дәрігер әр адамның және барлық қоғамның  денсаулығына қызмет етуге шақырылған, дәрігер өзінің  ар-ожданына сүйене отырып және медициналық этиканың негіздерін басшылыққа ала отырып, өз міндеттерін атқаруын талап етеді.·        Дәрігерлік «қателік»Дәрігер қате жіберуге – құқығы жоқ. Егер сатушының немесе тігіншінің қателігін түзетуге болады, егер  дұрыс диагноз қойылмай ем жүргізілсе, операция орындау уақытында хирургтың қолы дұрыс қимыл жасамаса, әрбірден соң науқасқа  немқұрайлық білдіретін болса, онда адамның өмірі үзіліп кетуі  мүмкін. Бірақ қандай бақыт, жаңа өмірдің пайда болуы туралы бірінші болып білу-үлкен миссия, не анасына: «Операция сәтті өтті, сіздің ұлыңыз өмір сүреді», — деудің өзінде шынайы, мейірбаншылық бар екендігі білінеді. Міне осындай сәт үшін көп оқу және мол тәжірибе жинақтауды қажет етеді.  Жер шарындағы ең қасиетті мамандық -дәрігер болып халыққа қызмет ету үлкен мәртебе деген ұғымдамын. Ислам діні дәрігер туралы Науқасқа көмек қолын созу–барлық мұсылманның міндеті болғанымен, дәрігерге бірнеше есе жауапкершілік жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады», — деген болатын. Дәрігер адамдарды емдеу арқылы, өзінің ақыретінің қамын жасайды. Адам дәрігерге жанына батқан ауруымен, көңілі түсіп, жаны жылап келеді. Сондайда дәрігер емін жасап, дәрісін беріп, науқастың ауруын жеңілдетеді, ертеңіне үміт сыйлайды. Адамдарға көмек қолын созып, өз міндеттерін шын ниеттерімен орындаған дәрігерлердің есімін халық ұмытпайды, жақсылықпен еске алады, артынан дұға етеді (ғаламтордан алынды).

Егер науқасты ауруханаға жатқызу қажет болса, дәрігер оның қандай ауруханаға және қандай бөлімінде емделу қажет екендігі туралы кеңес береді.

Мен жұмыс атқару уақытында жоғарыда көрсетілген  негізгі принциптерді ұстанамын және науқастарды, туған-туысқандарымды, таныстарымды қандай     дәрігереді таңдауды  және емделуі туралы кеңес беремін.