(KAZ) Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты конкурс

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Сіздерді 2020 жылдың 12 ақпанында сағат 1230-да Гистология кафедрасында өтетін Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты конкурсқа қатысуға және тамашалауға шақырамыз!

 

Мекенжайымыз: Анатомиялық корпус, 2-этаж, Гистология кафедрасы, 3- аудитория.

Байланыс телефондары: 87012895568

Алсеитова Феруза Джаппаровна

 

Гистология кафедрасының «Абай оқулары» байқауын өткізу жөніндегі ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
  2. Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген Гистология кафедрасында білім алушы студенттер қатыса алады.
  3. Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.
  4. Орындау уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.
  5. Көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігі бағаланады.
  6. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтауы керек.
  7. Сахнада өнер көрсету мәдениеті және ақ халат киім үлгісін сақтауы керек.
  8. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша айқындалады.
  9. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
  10. Байқауға қатысу үшін өтініш 10.02.2020ж. дейін қабылданады.