(KAZ) «Вакцинация жүргізуге: «Қарсы емес» және «Қарсы» Университеттік Студенттік конференцияның өткізілуі жайлы есеп беру

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының тәрбиелік жұмысының жоспарына сәйкес 15.03.2018ж «Вакцинация жүргізуге: «Қарсы емес» и «Қарсы» атты университеттік студенттік конференция өткізілген болатын.

Конференция мақсаты: екпенін жұқпалы ауруларға қарсы  сенімді арнайы алдын алу тәсілі ретінде және басқарылатын инфекциялық аурулардың өсуін ұстап тұратын жалғыз әдіс екенін дәлелдеу. Соңғы жылдары екпеден діни және жеке себеептер бойынша бас тарту жағдайлары көбейіп келе жатыр,әсіресе екпеге қарсы белсенді қозғалыстар қарапайым халықтың ғана емес медициналық қызметкерлер арасында да  қолдау тауып жатыр.

Осыған сәйкес, конференция дебат түрінде ұйымдастырылды, бұл жерде командалар дәлелді медицина негізінде иммунопрофилактиканың жетістіктері мен иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлерді ғылыми және клиникалық мысалдармен келтірді.

Алғы сөзді С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ вакцинология мектебінің жетекшісі ,эпидемиология кафедрасының профессоры  Амиреев С.А. бастады

Вакцинацияның тиімділігін құптап шыққан ЖММ  558 топ студенттері(команда «ViVac») ,қазіргі таңда жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында оқиды (оқытушы  асс. Шоколакова А.К.).  вакцинацияға қарсы  тұжырымдарды ЖММ 555 тобының студенттері қорғады(команда «NoVac»),олар балалар жұқпалы аурулар кафедрасында оқиды(преподаватель асс. Литош Э.С.). Және де тұмаудың иммунопрофилактикасы жайлы да дебат өткізілді :«За»  и «Против».

Дебаттардың нәтижесін білікті төрешілер ұпайлық жүйені қолдана отырып бағалады. Бірегей шешіммен жеңісті жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасынының «ViVac» командасына  берді( команда капитаны  Насибекова А.). Келесі номинация бойынша жүлделер берілді:  «Үздік команда капитаны»  – Насибекова А.,  «Көрермен көзайымы» – «NoVac» командасы,  «Команданың белсенді мүшесі» – 55-топ студенті Насырова Р.

Командалардың Студент-мүшелері өздерінің вакцинамен басқарылатын инфекциялар жайындағы өте терең білімдерін көрсетті,залда отырған студенттер осы мәселеге үлкен қызығушылығын танытып,дискуссияларға және талқыларға белсенді қатысып отырды.

«Иммунопрофилактика инфекционных болезней в РК» атты қорытынды баяндамасымен  ­ҚР ДСМ жұқпалы және паразитарлық аурулардың Санитарлық Эпидемиологиялық мониторингы және экспертизасының  Ғылыми-тәжірибелік орталығының  Касабекова Л.К.

Талқыларда шақырылған қонақтар,оқытушылар және ЖММ студенттері ат салысты.

Қорытынды сөзді Жалпы МЕдицина Мектебеінің деканы,профессор Шопаева Г.А берді,ол өз кезегінде конференция өте жоғарғы деңгейде өткенін, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері қаралғанын атап өтіп, өткізілу формасын құптады. Конференцияның ойын түрінде өткеніне қарамастан баяндамалар мен дискуссиялардың мазмұны  ғылыми,клиникалық және білім беру сипатында болып, оқу процессінің барлық талаптарына сәйкес келді.