«Алғыс айту күніне» арнап  тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылды

Гистология кафедрасында Жалпы медицина факультетінің 3 курсы ЖМ15-16-01қ, ЖМ15-16-02қ, ЖМ15-19-01қ, ЖМ15-19-02қ, ЖМ15-17-01-02қ  топтар студенттерінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 1 наурыз күні сағат 10.00 де «Алғыс айту күніне» арнап  тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылды. Іс-шара барысы 50 мин созылды. Кеште дүниедегі ең үлкен құрметке лайық жандарымызға алғыс айтып, кешірім сұрап, игі шаралар мен қайырымдылықтан қол үзбеуге шақырдық. Студенттердің тәлімгерлік сағаттан алған әсер сезімдері де әртүрлі болды. Іс-шара барысында қатысқан оқытушылар жоғары деңгейде өткізілгендігін айтып жатты. Ұйымдастырушылар  тарапынан алға қойылған мақсат, студенттерге аз да болса Ізгі ниетке бейімдеуге, құрметке, сыйлауға ой тастау болатын.