(KAZ) Ұлыстың ұлы күні — Наурыз

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

2019 жылдың 17 сәуір күні  Гистология кафедрасында № 3 аудиторияда «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» атты мерекелік кеш болып өтті. Маңызды іс-шараны өткізу кафедраның 2-ші курс кураторлары:  Омарова Р.С., Абжапарова А.Т.,  Бекен З.Д.,  Т.Т.Оразакиева қатысуымен және ЖМ 17-07-1,2,  ЖМ 17-11,12 -1,2,  ЖМ 17-13-1,2  кураторлық топ студенттерімен ұйымдастырылды. Мерекелік кешке физиология және анатомия кафедраларының меңгерушілері, гистология кафедрасының профессорлық-оқытушылық ұжымы шақырылды.

Мақсаты: Студенттерге 22- наурыз  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. студенттердің тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!  Құрметті қонақтар, оқытушылар,студенттер.  Сіздерді Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік кешті ашу үшін гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жүнісбековнаға сөз кезегі берілді!

ЖМ 17-007-1,2 және ЖМ 17-013-1,2 топ студенттері «22 наурыз мерекесінің тарихы» атты презентациямен таныстырды

ЖМ17-13-1,2  топ студенті  Есеналиев Нурдаулеттің орындауында балбырауын күйі.

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

ЖМ17-12-1   топ студенті   Маратұлы Жомарттың  орындауында Ақжол Нұрғожаевтың «Көңіл толқыны» күйі

Құрметті қонақтар, біздің «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

Қорытынды: Мерекелік кеш соңында сөз кезегі кафедра доценті Калинина М.С.  берілді: 22  наурызға ұйымдастырылған кешке оң баға берді. Студенттердің ұйымдастырған іс-шара оқытушыларға жақсы әсер қалдырғандығын атап өтті.

 

Гистология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент                                                                                                     Ерғазина М.Ж.