№2 студенттер үйіндегі жаңа жылдық мереке

№2 студенттер үйіндегі жаңа жылдық мереке

Желтоқсанның 23-ші жұлдызында жалпы медицина факультетіне қарасты№2 студенттер үйінде келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің Жаңа жыл» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараны Қыс Аруы жүргіссе, Аяз ата, Ақшақар мен Мыстан сияқты кейіпкерлер кештің көңілді өтуіне өз үлестерін қосты. Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері өз өнерлерін көрсетті. Есқара Асылмұрат гитарамен ән айтып, Омарбек Нұржайна «Мерекем», Сармырза Гүлістан «Жаңа жыл», Молдабек Айзат «Балалық шақ», Бекен Аяна «Жаңа жыл» әндерін шырқап мереке көркін қыздырды. Сонымен қатар Аяз ата қызықты ойындар ойнатып, сыйлықтарын да тарту етті. Кеш Жаңа жылдық көңіл күйде өтті.