№2 Акушерия және гинекология кафедрасы

Акушерлік іс және гинекология кафедрасы 1934 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Кафедраның бірінші ұйымдастырушысы және 17 жыл (1934-1951) меңгерушісі болған, хирург, профессор Малинин Александр Иванұлы болды

Егер ұйымдастыру кезінде кафедра штаты, кафедра меңгерушісі мен 2 ассистенттен(Е.М.Суханов,Н.П. Попов) тұрса, ал 1951 жылы кафедрада кафедра меңгерушісі, 4 доцент (Т.А. Корякина, К.Д.Өтегенова,Х.Е. Мырзалиева,В.А. Румянцева) және 10 ассистент (М.А. Бульина, Л.А.Яхонтова, Р.С.Аманжолова, А.А. Корзун, И.И.Георгиевский, В.И.Афанасьев, С.Н.Нұғыманов, И.П.Мясоедов, В.П.Терентъева, Н.П. Попов, Н.А.Шилько) жұмыс істеді (доцент Б.И.Исатаеваның естелігінен).

1951 жылдан 1958 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып профессор Клинецкий Яков Савелийұлы (1902-1994) жұмыс істеді.Оның шәкіртінің көбісі (профессор Мезинова Н.Н.,профессор Аманжолова Р.С., профессор НұғымановС.Н., профессор Бульина М.А., доценттер Дрейзин Ю.В.,Каримова К.К.,Яхонтова Л.А.,Қарынбаева Л.И.,Григорьянц В.К. және тағы басқалары) кейінгі кездерде акушерия және гинекология кафедраларын, ғылыми –зерттеу институттарының бөлімдерінің меңгерушісі және кафедра доценттері болып жұмыс атқарды, ал профессор Сәкен Нұғыманұлы Нұғманов Қазақтың онколгия және Радиология Ғылыми-Зерттеу Институтының бірінші ұйымдастырушысы және директор болды.

1958жылдан 1978 жылға дейін кафедраны профессор Өтегенова Кәмила Досқызы басқарды.

1978 жылдан 1993 жылға дейін акушерия және гинекология кафедрасын профессор Мезинова Надежда Никитақызы басқарды.

Келесі 5 жыл арасында (1993-1998 жылдары) кафедраны профессор Раисова Әдебиет Темирбулатқызы басқарды..

1998-2008 жылдары кафераның профессор Дощанова Айгерим Мжаверовна меңгерді.

2009 жылдан баспато кафедраны медицина ғылымының докторы д.м.н. Калиева Лира Ғаббасқызы меңгеріп келеді.

Кафдераның негізгі ғылыми жұмысының бағыты: әйел бедеулігінің өзекті мәселелері, әйел бедеулігі, жатыр миомасының инвазивсіз емдеу әдістері, жүктілік және туберкулез , республикадағы енгізіліп жатырған қауіпсіз аналық принциптерінің нәтижесін талқылау.