ӨСҚ негіздері курсы бар дене тәрбиесі кафедрасы  тәрбие жұмысы бойынша есебі

20 қараша 2017 жылы, сағат 11.00-да ҚазҰМУ спорттық  кешенінде  «Жемқорлыққа   — жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

1. Білім алушылардың теориялық дәрежесін, яғни жемқорлықтан туындаған факторларды жою.

2. Нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

3. Жемқорлықпен күресуде тәжірибелік шарттарды күшейту, белсенді өмір сүруге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері,  Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.

Жалпы қатысқан студенттер саны — 120 студент.

Студенттер жемқорлық тақырыбына байланысты өлең жолдарын оқыды.  Би биледі. Өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.

Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Жақсылықова Қ.С., аға оқытушы Джакипбаева Р.А., аға оқытушы Камбарова А.Ж.