Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ –де өткізілген «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты интерактивті дәріс туралы есебі

2015 жылы 22-сәуір күні психиатрия, психотерапия және наркология оқытушылары, ЖМ факультетінің 5- курс студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да жалпы факультеттік салауатты өмір салтын құру үшін іс-шара ұйымдастырылды. ҚазҰУ –ң химиялық факультетінің 1-курс студенттеріне Жалпы медицина факультеті қазақ бөлімі 531 -2 топ студенттері «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты интерактивті дәріс өткізді. Іс-шара барысында  қатысушыларға анкета таратылды, ЖМ 5-курс студенттері қазақ тілінде дәріс-дискуссия оқыды; нашақорлық байланысты видеофильм көрсетіліп, ҚазҰУ студенттерімен интерактивті ойын-дискуссия өткізілді. Студенттерге оқылған дәріске кері байланыс мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді. Бұл  іс –шараны  белсенді  ұйымдастырушылар: доц. Жусупова А.И., ЖМ факультеті 5-курс 531 — 2 топ студенттері. ЖОО-ның студенттерінде   педагог ретінде дәріс оқу, берілген тақырып бойынша қызығушылығын ояту мүмкіндіктері болды. Басқа ЖОО студенттері мен оқытушыларымен бұл тақырыпты талқылау барысында қызық  дискуссия орын алды. 1-курс студенттері қойған 20 –ға жуық  сұрақтарына толық және нақты жауаптар ала алды.