«Әлемнің ақ періштелері»

05.03.2012 ж. №2 жатақханада Халықаралық әйел күніне орай «Әлемнің ақ періштелері» атты салтанатты, мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік шараны жатақхана жігіттері аруларға және жатақхана қызметкерлеріне арнады. Кешке деканаттан, тәрбие ісі жөніндегі басқармадан, жастар ісі жөніндегі комитеттен арнайы қонақтар келді.

Мерекелік концертті  жалпы медицина факультетінің 1-2 курс жігіттері ұйымдастырды. Ән айтылып, би биленіп, көріністер қойылып,өлеңдер оқылып, көңілді тапқырлар клубынан әзілдер  көрсетілді. Жатақхана коменданты Роза Монанқызы жігіттерге алғыс айтып, сөз қорытындылады. Кеш көрермендер көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.