«Ұлт денсаулығы біздің жарқын болашағымыз»

07.04.2014ж. күні «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау» күніне арнап «Қалыпты  физиология» кафедрасы мен «валеология» модулінің ұйымдастыруымен «Ұлт денсаулығы біздің жарқын болашағымыз» атты ашық есік күні  өткізілді.

Барлық келген қонақтарға ағзаларының функциональды жағдайы мен биологиялық жасын анықтау ұсынылды. Акция  2-ші оқу корпусының 1-ші қабатындағы холлда өтті, оған  400 — ден астам адам қатысты. Өткізіліп жатқан оңды іске студенттер, университет қызметкерлері, Жалпы медицина факультетінің өкілдері мен әлеуметтік және тәрбие істері басқармасының өкілдері қатысты.