«Қош келдің, Құтты Жаңа Жыл»

Адам баласының көңілін шаттыққа бөлеп, денсаулық жағдайын да түзетер, ой тастап, бойын сергітер ол – мейрам. Көңілді адам қай тұрғыдан болмасын өзіндік потенциалын да нық ұстап тұрар адам болмақ. Сол сиқты қаншалықты мейрам көп болса, соншалықты көңілді күндер де көбеймек. Осы тұрғыдан алғанда болашақ ақ халатты абзал жандар мекені С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің «Қалыпты анатомия» кафедрасында  2017 жылдың желтоқсан айының 21-ші жұлдызында «Қош келдің, Құтты Жаңа Жыл» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кештің ұйымдастырушылары анатомия кафедрасының аға тәлімгері, оқытушы Накажина Сәуле Хиватуллановнаның бастамасымен, «Жалпы медицина» мектебінің  1 курс, 17-016 тобының студенттері болса, кеш қонақтары кафедра ұстаздары мен студенттер болды.

Жаңғыру бағдарламасы арқылы өзіндік талабы мен талпынысын көрсете білетін студенттер қауымы, Елбасы жолдауы мен Қазіргі заманғы жүйеге сай позитиффті ойлары мен нақты мақсаттарын айғақтады. Жаңа заманның жаңарған бағдарламасындағы медициналық студенттердің де ой өрісі алдыңғы буынға қарағанда әлдеқайда заманауи көзқараспен қалыптасты. Әрбір істеген істерін, уақыт еншісіне мұраға қалдырарын сезіне білген топ студенттері асыл бастама ретінде мерекелік концерт дәстүрін жалғастырды.  Түрлі сипаттағы жаңалықтар мен ғасырдың жаңашыл ойларын бойларына сіңіре білген студенттер алғыстары мен құттықтау тілектерін оқытушыларына өнерлерімен танытты.

Кештің басын кафедра меңгерушісі Ахмад Нургулим Сағидоллақызы мен кафедра профессоры Досаев Тасболат Молдахметұлы өздерінің жылы лебіздерін арнап ашты. Қазақтың аса әсем әндерін тамылжытып айтуымен университетіміздің «бұлбұлы атанған» 2 курс студенті Атымтайқызы Асем кеш қонақтарына «Қазақ вальсі», «Гаухар тас» атты керемет өлеңдерін арнады. Келесі кезекпен қазақтың қасиетті қара домбырасын күмбірлетіп тартқан Алиев Батырбек және Жұбанбай Қажымұқан өнерлерін көрсетсе, Бакытова Айдана асыл сөздің арнасы арқылы ұстаздарға өзі шығарған арнауын оқыды. Мың бұралған биші қыздар өз өнерлерін тамаша флешмоб стильіндегі бимен сахна төріне тартты.  Кештің сиқырлы қонақтары болып келген Аяз ата мен Ақшақар, миньон мен гномдар кеш бойғы көңіл күйді қамтамасыз етті.  Кеш жүргізушілері болған Шертаева Меруерт пен Тұрдықұл Дастан кеш соңында қонақтарға барша Жаңа Жылдық көңіл күймен бірге сәттілік, табыс пен мол бақытты әрбір отбасы мен әрбір адамға тілектестікпен білдірді. Кеш соңы топ студентттерінің Жаңа жыл жайлы көңілді хорымен аяқталды.

                              «Ұстаздарға арнауым…»

Оқытудан шәкірттерді талмаған,

Білімге бар ғұмырын арнаған.

«Ұстаз» деген ұлы атқа лайықты,

Жан-тәнімен бола білген әрқашан.

Бөлмейміз біз ұстаздардың бәрі ұлы,

Әрқашан ашық жүрек жүздері жылы.

Кішкене ғана сөз арнағым келіп отыр,

Әлемде керемет қой ұстаз жыры.

Құдіретін түсіне білген ғылымның,

Сусындаған бұлағымен білімнің.

Ең қиын салаға бет бұрғызған

Сезінемін сіздерден болашағымның жылы үнін.

Ұстаз деген ұлылардың ұлағаты,

Кең даламның жалғасқан ізгі хаты.

Ұстаздармен таныған бар адамзат,

Бұл әлемнің ғажайып ізгі затын.

Бізде үйрендік сіздерден бір білімнің әр қиясын,

Үйрендік адамның дене анатомиясын.

Ең қиын ғылымның білім түрін

Өсірдіңіздер санамның ой-ұясын.

Түсті маған бір бақыт сіздер үшін сөз арнауға,

Сіздер жайлы мың мақам жыр жинауға.

Асыл сөзбен негізгісін бастайын

Бар ізгі тілекті мен сіздерге арнаймын.

Сыйлаған студенттердің қызы-ұлы,

Төгілген жүзінен білім нұры.

Бар еңбегін арнаған бұл салаға

Досаев Тасболат Модахметұлы.

Лекцияны керемет өткізе білген,

Студенттерді жүргізбей жайдан құры.

Анатомияны білсінші деп қам жеп жүрген

Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы.

Болған әркез қайырымды, қамқорлы,

Жүрегінде білім нәрі дәл тоқулы.

Бұл саланың қиындығын ұқтырған

Жаныбеков Джунсунхан Есенбекұлы.

 

Кафедраны меңгеру болған ардақты оның жұмысы,

Әрбір оның жоспары, кафедраның табысы.

Сыйлы да ол бола білген, сыйлаған да өзгені

Ардақты жан Ахмад Нургулим Сағидоллақызы.

Студенттерге ақыл берер болған ана,

Түсіндірген сабақты жайлап қана,

Әрбір берген білімі пайдасы мол,

Романюк Светлана Николаевна.

Студенттердің білімі жайлы әрбір сөзі,

Болашаққа жетектеген жылы жүзі.

Жоспарын кафедраның жиыстырған

Байғамысова Динара Сағатбекқызы.

Сіңді еңбектеріңіз баршаңыздың бұл салаға,

Маңдай тер, кетппеді уақыттарыңыз құрдан-құрға.

Дәрігер қылып тәрбиелеп шәкіртті,

Өшпес ерлік істейсіздер Отаныма.

Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын,

Жаңа Жыл атты мейрамымен бұл айдың.

Жаңа уақытта жаңа табысқа жетуді

Сәттілік атты тілегіме табыстаймын.

                                                                     Бакытова Айдана

Жалпы медицина мектебінің 1 курс 17-016-01 топ студенті