«Қиял әлеміне саяхат»

25.12.2013 ж. №2 оқу ғимаратының холлында жалпы медицина факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен Жаңа жыл мейрамына орай 5 курс студенті Мақтабекова Айнұрдың «Қиял әлеміне саяхат» атты сурет көрмесі өтті. Көрмені жалпы медицина факультетінің деканат ұжымы, университет ұстаздары және студенттер тамашалады.

Он қолынан өнер тамған медицина мен бірге қылқалам өнерін қатар алып жүрген Айнұрдың туындылары табиғаттың әсерлі, әсем, нәзіктігін қылқалам көмегімен бейнелеген. Көрмеге он алты қылқалам туындысы қойылды. Туындыларды тамашалай отырып  бейне бір ертегі еліне саяхаттағандай сезімде боласын. Әсерлі де әсем туындыларды  келген қонақтар тамсана таңдана тамашалады. Тамашалаған көрермендер өнер туындыларына өздерінін жоғары бағаларын берді. Көрме жоғары дәрежеде өткізілді.  Айнұр өзінің  сегіз қырлы бір сырлы , жан –жақты , өнерлі де білімді екенін таныта білді.