Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесінің I кезеңі өткізілді

2017 жылдың 28 қараша күні Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесінің I кезеңі өткізілді. 5 ғылыми жұмыс тыңдалды. ЖМ факультетінің 3 курс  студенттерінің ғылыми жұмыстарын кафедра меңгерушісі, доценттер, ассистенттер және ғылыми жетекшілер мен студенттер тыңдады. Барлық тыңдалған ғылыми жұмыстар өте өзекті тақырыптарды қамтыған. Баяндамашыларға студенттер мен оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Тыңдалған ғылыми жұмыстар Университеттік деңгейде өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясының II кезеңіне жіберілді.