«Университетім-мақтанышым», «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында жас ақындар және көркемсөз оқу шеберлері байқауы өткізіледі.

 Хабарландыру!

Құрметті студенттер!

Оқу орнымызда жылдағы қалыптасқан  дәстүр бойынша өткізілетін

«Университет күндеріне», С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай,

талантты студенттер арасында үстіміздегі   2014 жылдың 26-шы қараша күні

сағат 15.00-де және 2-ші желтоқсан күні сағат 10.00-де университет Даңқ Залында

«Университетім-мақтанышым», «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында

жас ақындар және көркемсөз  оқу шеберлері байқауы өткізіледі.

Байқауға қатысушылар өтініші, өзіндік шығармалары 21-ші қарашаға дейін қабылданады. Өтініштер мен өзіндік шығармалар №7 аудитория корпусы 109 бөлмеде отыратын көркемдік жетекші  С.А.Апсаттароваға тапсырылады. Бойыңызда ақындық қабілетіңіз болса, поэзия әлеміне жақын болсаңыз

байқауда бақ сынаңыз. Байқау 2 екі кезеңнен құралған.

Өткізілу күндері:

1 кезең-26.11.2014ж сағат 15.00  Байқауға қатысушылар  жарысы

2 кезең- 02.12.2014ж сағат 10.00 Байқауды  қорытындылау, марапаттау күні

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті