Төрлет, құтты Жаңа жыл!

 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 25.12.2014ж. күні қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастырылуымен «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты меркелік кеші ұйымдастырылды.

       Жаңа жыл-қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Осы мерекеге орай «Қалыпты физиология» кафедрасы және Жалпы медицина факультетінің 1 курс (009, 010, 012 топтары) студенттерінің ұйымдастыруымен  «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Кешке кафедраның оқытушылары мен студенттер қатысты. Кешті өзінің құттықтау сөзімен  қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы, аға тьютор Джусипбекова Балжан Абдрамбековна ашты. Мерекелік кешіміз қыздар мен жігіттерден құралған «Сағындым Алматымды » атты әнге ырғақты бимен басталды. Жаңа жылдық кешіміздің сәнін кіргізген кейіпкерлеріміз Аяз ата ролінде Оралбаев Абзал мен Ақшақар ролінде Тас Мадина ойнады. Әсем әндер шырқалды: Атажанова Зульфия, Маралбай Даурен, Бабахан Сержан және  би биленді. Қонақтарымыздың көңілін көтеру үшін қызықты ойындар ойнатылды, ойынға студенттер мен оқытушылар қатысты. Барша өнерпаздарымыз бен ойынға қатысушыларға Аяз ата сыйлықтарын таратты. Кеш соңында оқытушы Кожаниязова Ардак Нургалиевна жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қортынды сөз сөйледі.   Кеші көңілді, әрі әсерлі өтті.

        Жаңа жыл! Кіріп келген қой жылы тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат пен қуаныш, үміт әрбір жанның жүрегінің төрінде болсын. Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!

 Кеш ұйымдастырушы-оқытушылары: Джусипбекова Б.А.,Кожаниязова А.Н., Артықбаева Ұ.С.