Тәуелсіздік-тұғырым

Тәуелсіздіктің толғауын толғап, тәуелсіз елдің жырын жырлау әр елім деп соғар жүрегі бар адамның міндеті және парызы болып табылары анық. Еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан, түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, уылжыған тыныштықты сақтап келе жатқан мемлекеттердің қатарынын табылады. Осындай қонақжай да салиқалы мемлекетте өмір сүріп, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып жүрген жастар бақытты.

            Жастардың бойындағы тәуелсіздіктің тұнып тұрған сырларын асқақтату мақсатында, 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудиториялық корпустың №2 лекцияға арналған залында  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, кафедра меңгерушісі, доц. З.У. Бисембаева, доц. Н.К. Дюсенова, аға тьютор М.М. Сембаева, сонымен қатар өзге топ тьюторларының жұмылдыруымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелі кеш өтті. Кешке жалпы медицина факультетінің 1,2 курс студенттері қатысып, тәуелсіз еліміз турасында баяндамалар оқып, өлеңдер айтып, ән мен күйден шашу шашты. Мақсаты бір, арманы асқақтаған студенттер үшін бұл кештің маңызы зор болды.