«Тәуелсіздік күні»

«Тәуелсіздік күні»
Желтоқсанның 3 жұлдызында №2 студенттер үйінде «Тәуелсіздік күні» атты салтанатты кеш өткізілген болатын. Кешке жатақхана студенттері белсенді атсалысты. Кеште 1986 жылғы желтоқсан құрбандары (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова) жайлы мәліметтер айтылып, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалды. Сонымен қатар, іс-шарада желтоқсан оқиғаларын сипаттайтын көріністер қойылды.

Студенттер кеңесінің төрайымы
Абаева Карина