Тыл ардагерлері де құрметке лайық!

Тыл ардагерлері де құрметке лайық!

Бүгінгі күнімізге жалау болған Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толады.Бұл мерекеге орай Алматы қаласы көптеген шараларды іске асыру үстінде.Осыған орай біз,Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттері де бұл шарадан шет қалмақ емеспіз.

Сәуір айының бас кезінде Жалпы медицина факультеті,16 – тобының І курсстуденттерітыл ардагерлерінің үйінде қонақта болды.Майданның қызыл қанын көрмесе де,қарт ана мен жас баланың ащы зарын көрген тыл ардагерлерінің де тойлағалы отқан Ұлы Жеңісімізге сіңірген еңбегі ерендей.

Балалық шағын соғысқа кеткен ағасы мен әкесін күтумен өткізген бұл ардагерлерімізге Алмалы ауданының басшылығымен медальдар берілген болатын.Бұл медальдарды батырларымызға тарту біздің университеттің,соның ішінде менің тобымның студенттеріне берілгені мен үшін үлкен құрмет!

Осы күндегі ашық аспанымыздың себепкерлерімен бетпе – бет сөйлесіп,сыр бөлісу қазіргі жастарымызға ауадай қажет.Өйткені еліміздің болашағы деп отырған жастарымыздың жүрегінде «Елім,жерім!» деген ұран сөніп бара жатыр.

Тыл ардагерлерінің көргенін біз көрген жоқпыз,көрмей – ақ та қояйық!Бізді көре сала сол кездегі қиындыққа толы күндері есіне түсті ме,әлде біздің нұрлы жүзімізді көріп пе,әжелеріміз көздеріне жас алды.Олардың еріксіз аққан ыстық жасын көріп,сол заманға бірнеше минут өзіміз де тап болғандай болдық.

Йя,соғыстың заманы өтті,бірақ біз болашаққа ұмтылу үшін тарихымызды жете білуіміз қажет.Ал тарихымызды мың қайтара кітаптардан оқығанша,сол тарихтың куәгері болған ардагерлерімізді құрметтейік,достар!

Сұм соғыс жалмап кетіп асқар белін,

Тартты ғой талай мұңды қайран елім.

Қаны мен жанын тіккен алапатта

Жасай бер,батырларым,ардагерім!

Жалпы медицина факультетінің

1 курс студенті

Қонысбаева Бақыт Наурызқызы