Репрессия құрбандары атты ашық сабақ өтті

Сәуірдің 25-інде С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Жалпы Медицина факултетінің Тіршілік Қауіпсіздік Негіздері кафедрасымен 3-ші және 4-ші курс Қоғамдық Денсаулық Сақтау факултетінің студенттері бірлесіп ұйымдастырған Репрессия құрбандарына арналған ашық сабақ өтті.  Тәрбие сағатымыздың мақсаты Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны студенттерге  дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, студенттердің  адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру. Студенттердің  бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған  ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.

Бұл ашық сабақта студенттердің іздемпаздығымен, қуғынға ұшыраған ата бабаларымыздың сол кезде басынан өткізген қайғы қасіреттерін басқа да оқытушылармен, басқа да студенттерге жеткізу болды. Кафедра меңгерушісі Зикиярова Санам Махсутжанова: “Бүгінде Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларына «халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессияға 79 жыл толып отыр. Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын.  Саяси  қуғын – сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беттерінің бірі болып қала бермек.. Біздің ендігі жерде  борышымыз — осы қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау.”-деп кешті бастап берді. Жалпы Медицина 13-18 топ студенттері Репрессия құрбандарына арналған сол кездің қайғы мен мұңын көрсететін көрініс қойды, содан Репрессия құрбандарына арналған студенттердің жеке шығармашылығынан өлең жолдары оқылған болатын. Студенттер күй тартып, 1930-1938 жылдар аралығында аты аңызға айналған Қазақстанның  ақын-жазушылары туралы мәліметтер берді. Олардың ішінде бәріміз білетін жазықсыз жазаланғандардың арасында С.Д Асфендияров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев,С.Сейфуллин,Б.Маилин, І.Жансүгіров,М.Дулатов т.б көптеген жазықсыз қазақтың ақын, белсенді қоғам қайраткерлері жазықсыз атылды. «Бесеудің хаты» атты көріністі қойып қатысқан оқытушылармен қонақтардың көзіне жас толды.

ОБЖ кафедрасының меңгерушісі Зикиярова Санам Махсуджанова

“Бесеудің хаты” көрініс. “Бесеудің хаты” көрініс.

Бесеудің хаты көрініс.

Халық күйі

“Репрессия құрбандары” мәліметтер.

Репрессия құрбандары.

КСРО-ның жазалау шаралары,
Елімнің кең даласын аралады,
Қиналып, қиыншылық көріп жүрген,
Қазақтың көңіліне қарамады.

Халқымның ақыны мен ғалымдары,
Заманында алаулап жалындады,
Қынжылтады жүректі ойшылдардың,
Репрессия жазасына шалынғаны.

Тұрар, Мағжан, Ахмет, Міржақыптай,
Ағаларым атанды халық жауы,
Сөздеріне олардың құлақ аспай,
Тұтқындады, өлтірді Ресей жауым.

Жазықсыз құрбан болған бабаларын,
Қазақ халқы ешқашан ұмытпайды,
Олардың қасиетті есімдерін,
Келесі ұрпақтарға ұлықтайды!
ҚазҰМУ-нің 3 курс студенттері.

 

“Репрессия құрбандары” атты жеке шығармашылық өлеңді оқу.

ЖМ 13-18 ТОП