Мейірімді жүрек

Өткен аптаның 24-ші жұлдызында ҚазҰМУ-нің жалпы медицина факультетінің дәстүріне айналған  «Мейірімді жүрек» атты  қайырымдылық кеші өтті. Бұл кештің басты кейіпкері жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Тілеужан Сымбат.

Кеш барысының үлкен дәрежеде өтуіне айтарлықтай үлес қосқан жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Рахима Тәжібайқызын және «Жан мейірі» журналының директоры Керім Қуанышұлын атап өту керек. Сонымен қоса, кешімізде Қазақстан телеарнасының «Жан жылуы» телебағдарламасы  жүргізушісі Ақбаян Сапарбаева мен эстрада жұлдыздары қонақта болды.

Қайырымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе,-дегендей әрқашан көмек қолын созғанға игі ісімізді көрсетсек нұр үстіне нұр болар еді…

Қайырымдылық кештен түскен қаржының барлығы Тлеужан Сымбаттың есеп шотына аударылды.

1 курс студенті Бакытжанова Акмарал Куанышовна