Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысын ғылыми мектептер, қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар санынан, өнертабыстардың болуынан, аспиранттар, ғылым кандидаттары мен докторлары санынан, ізденушілердің болуынан білуге болады.

Евсей Моисеевич Стеблов – жүйке аурулары кафедрасының алғашқы меңгерушісі негізі қаланған күннен бастап ұйымдастыру жұмысымен қатар өзінің невропатолог-ғалымдар неврологиялық мектебін құрып, нейроинфекция бағыты бойынша ғылыми жұмыспен айналысты. Профессор Стеблов Е.М. 5 медицина ғылымы кандидаттарын дайындады. Айта кету керек, академик Б. А. Атчабаров – медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР НАН корреспондент-мүшесі профессор Е.М. Стебловтың бірінші аспиранты болған.

1950-1970 жылдары кафедраның ғылыми жұмысы белсенді жүріп отырды. Қазақстандағы нейроинфекция мәселесімен қатар, миқантамыр аурулары сұрақтарын көтере бастады. Профессор М. Х. Фаризовтың басшылығымен 1 докторлық және 7 кандидаттық диссертациялар дайындалды.

Профессор С.К. Кайшибаевтың басқару кезеңінде қазақстандық неврологтар мектебі  артты, және оның ғылыми потенциалы көбейді. С.К. Кайшибаевтың басшылығымен 52 кандидаттық және 17 докторлық диссертациялар қорғалды. Оның оқушыларының бесеуі Қазақстан Республикасының медициналық жоғарғы оқу мекемелерінде профилді кафедраларды басқарады.

Профессор Б.А. Абеуов университетте жұмыс істеген жылдары оның басшылығымен 1 докторлық және 10 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Е.С. Нургужаевтын басшылығымен 3 медицина ғылымдарының докторы, 12 медицина ғылымдарының кандидаты қорғады. Айта кету керек, 2013 жылы Еркебаева С.К. философия докторы (PhD) оқу дәрежесін ізденуге алғашқы диссертация қорғады, оның ғылыми жетекшісі профессор Нургужаев Е.С. болды.

Жүйке аурулары кафедрасының ғылыми жұмысының негізгі бағыттары университеттің стратегиясынан шығатын міндеттермен анықталған. Олардың бірі ҚР ДМ-нің ҚР-дағы қартаюға қарсы бағдарламасы бойынша жұмысы болып табылады. Профессор Е.С.Нургужаевтың басшылығымен кафедра қызметкерлерімен м.ғ.к. Илиев Р.Т., м.ғ.к. Митрохин Д.А., м.ғ.к. Каримова А.С. «Егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы моделді өндіру» ғылыми жұмысының неврологиялық аспекті орындалды. Жұмыс барысы бойынша кафедра қызметкерлерімен Нургужаев Е.С., м.ғ.к. Илиев Р.Т., м.ғ.к. Митрохин Д.А., м.ғ.к. Каримова А.С. мақалалар жарияланды. Зерттеу жұмысы қорытындылары көрсетілген мақалалар жарияланды: «Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындарының неврологиялық денсаулық жағдайын бағалау үшін қартаю клиникалық индикаторын қолдану (скрининг)», «Егде және қарт адамдардың неврологиялық денсаулық жағдайына әсер ететін факторларды бағалау», «Алматы қаласы тұрғындарының неврологиялық денсаулық жағдайын бағалау үшін қартаю клиникалық индикаторын қолдану (скрининг)».

Кафедра доценті м.ғ.к. Г.А.Мухамбетова «Ақсай» РБКА клиникалық базасымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасында Помпе ауруымен науқастарды ерте диагностикалау, анықтау» жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы айналасында семинар, мастер-класс өткізді, мақалалар шығарып, «Қайшибаевтық оқу» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндамасымен шықты.

 

a1 a

      Доцент м. ғ. к. Г.А. Мухамбетова «Қазақстандағы орфандық тұқым қуалайтын ауырулары бар науқасты ерте диагностикалау» мастер-классын өткізуде. 28 маусым 2013 жыл

 

 a2

Помпе ауруы бойынша семинар «Ақсай» РБКА

 

Профессор Е. С. Нургужаев, м.ғ.к. А. С. Каримова 7 ҚКА № 1инсульт бөлімшесі мен  № 2 инсульт бөлімшесінде өткізілген «Халықаралық рандомизировандалған мультицентрлық  қос плацебо бақыланатын зерттеу тиімділігі Актовегиннің науқастардағы  постинсультті когнитивті өзгерістер — ARTEMIDA» жұмысын орындауда. Берілген ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы мақалалар, конференциялардағы баяндамалар болып табылады.

 

a3

У.Т.Бейсебаева біздің конференцияда

 a4

Е.С.Нургужаев студенттерімен

 

a5a6

Конференция, 2010 ж                                                                      Нургужаев Е.С. баяндамамен

 

a7a8

Е.С.Нургужаев, А.А.Скоромец, Б.Г.Гафуров          Е.С.Нурғужаев конференцияда, 2013, Қырғыстан Респуликасы