Жаңғырсын ұлы Жеңіс, мақтан атың!

                  Жаңғырсын ұлы Жеңіс, мақтан атың!

70 жыл — бейбіт  көктем таң  атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Міне, Ұлы Отан соғысыныңжеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Осы Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты  жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерінің  ұйымдастыруымен “Жаңғырсын ұлы  Жеңіс, мақтан  атың” атты жас ақындар мен көркем сөз шеберлері  сайысы ұйымдастырылды. Бұл кештің  мақсаты  студенттер арасында  Ұлы  Жеңістің 70 жылдығын  насихаттау,  студенттердің  әдебиет  майданындағы  білімдерін  ортаға  салу. Жыр мүшәйрасында  студенттер терең біліммен  қатар, ғұлама  жырлармен  сусындағанын байқатты, мүмкіндіктерін  көрсете  білді.  Сайыста студенттер жүлделі орындарға  ие болды. Ұлы  жеңістің   70 жылдығына байланысты  төл  туындысын  ұсынған   жалпы  медицина факуьтетінің  1 курс студенті  Қонысбаева  Бақыт

Жеңіс туды,күн шықты аспанымда,

Жайланды елдің жүрегі қас қағымда.

Ащы мұң мен тәтті жеңіс араласқан

Сан мың сезім байқалды ана жастарында  деген  жыр шумақтарымен  1-ші орынды  иеленсе,

2 орынды  Әбдікерім  Жазира,

 3 орынды  Ақылбек Ғани  иеленді.

Көркем сөз  оқу бөлімі бойынша:

1 орынды  Құрбанкелдиев  Мейіржан,

2 орынды  Әлжан Айжан,

3 орынды   Меңдіқұл  Сәулежеңіп алды.

Сайысқа қатысқан  Иса Қыз- Жібек,  Меліс Айбек, Лесбек  Қуатбек ,Нәметқұл  Серікжан,  Попова Дарья,  Жұматай Сәкен  алғыс  хаттармен  марапатталды. Студенттер жеңістеріңіз  құтты  болсын.  Бұл  студенттерге  бағасын  берген  әділ- қазы  мүшелері қазақ тілі  кафедрасының доценті  Зайсанбаев  Т.Қ   орыс тілі кафедрасының  аға оқытушысы  Бекпенбетова Л.С  университтетің  көркемдік  жетекшісі Апсаттарова С.А , Байзақанов  Аслан , Рахмет  Ермек   өз бағаларын берді. Осындай  тәрбиелік мәні зор  іс-шаралар көп болады деген ойдамыз.

“Ер есімі ел есінде” дегендей  сол сұм соғыс кезіндегі 27 миллионнан  астам  жауынгер ерліктері  мәңгі жүрегімізде сақталады. Бүгінгі жас  ұрпақ  сұм соғысты  теледидардан, баспа беттерінен  көрейік!

Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті

Нүсіпжан Таңшолпан