Гистология кафедраснының ғылыми – зерттеу жұмысы

2000 жылдан бастап гистология кафедрасы «Ағзадағы тіндер мен жасушалардағы сыртқы орта факторларының  әсерлерінен болатын морфологиялық өзгерістерінің заңдылықтарын зерттеу» атты ғылыми- зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Ғылыми жетекші – гистология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юй Р.И.

Бағдарлама бойынша аға оқытушы Т.Ф.Кругликовская тәжірибелік жұмыс жасап, сосын «Морфофункциональная характеристика сперматогенного эпителия при воздействии фосфина на организм крыс» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Жұмыстың нәтижелері фосфорлы өндірістердегі зиянды факторлардың ағзаға әсерінің критерилерін бағалауға себеп болды.

Қазіргі таңда кафедраның ҒЗЖ әр түрлі жастағы адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатында ауыз қуысының кілегейлі қабығының жағдайын  мониторинглеу мен диагностикалаудың әдістерін іздеуге бағытталған. 2000 жылдан бастап кафедра қызметкерлері ауыз қуысының кілегейлі қабығының цитограммасын (АҚКҚ) анықтау әдісін,  эпителиде гликогенді анықтау және морфоденситометриялық әдіспен цитологиялық көрсеткіштерді тіркеу әдісін өңдеп келеді. Біздің лабораторияның техникалық қамтылуы проектінің барлық бөлігін толық орындауға мүмкіндік берді. Қолданылған зерттеу әдістері арқылы мукозальды эпителиоциттердің дифференциялануының  алты кезеңі анықталды және алынған мәліметтер сау және науқас адамдардың ауыз қуысының жағдайын зерттеуде қолданысқа ие болды.

Орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша өнертабысқа үш алдын ала патент  алынды: «Способ оценки состояния клетки с помощью морфоденситометрических параметров» (№ 14226 алдын – ала патент мемлекеттік тіркеу нөмірі 2002\1183.1, авторлар Юй Р.И., Ергазина М.Ж), «Способ оценки состояния слизистой оболочки полости рта  в норме и патологии» (№ 14227 алдын – ала патент мемлекеттік тіркеу нөмірі 2002\1184.1, авторлар Юй Р.И., Ергазина М.Ж), «Способ взятия и обработки цитологического материала из десневой бороздки (кармана) для идентификаций клеточных элементов десневой жидкости» (№ 14365 алдын – ала патент мемлекеттік тіркеу нөмірі 2005\1099.1, авторлар Юй Р.И., Ергазина М.Ж, Асанбаева Д.Е).

Кафедраның аспиранты Ергазина М.Ж өңделген инновациялық әдістерді қолдану арқылы әр түрлі жастағы таңертеңгі биоритмді типті  ер адамдардың  қызыл иек сұйықтығының эпителиінің дифференциялануының биоритмінің акрофазасының уақытын анықтады,  пародонт ауруының превентивті хронотерпиясының дәл уақытын анықтауға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Созылмалы катаральды гингивиттің  және созылмалы жайылған пародонтиттің хронотерапия әдісі ҚазҰМУ терапевтік стоматология кафедрасына, МҒБО «Стоматологияға»,  ЖШС «Алматы стом» стоматологиялық емханаға енгізілген. Аспирант Ергазина М.Ж «Цитофункциональный анализ суточного ритма десны в различные возрастные периоды» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

Кафедраның ҒЗЖ жауапты доцент С.А. Семченкованың қатысуымен ер адамдардың, жүкті емес әйелдердің менструалды циклдың әр түрлі кезеңдерінде, жүкті әйелдердің әр түрлі триместріндегі және менопауза кезіндегі әйелдердің буккальды эпителиоциттерін салыстыру мақсатында материал алынып, талданды.  Жұмыстар кезінде  АҚКҚ жынысқа және әйелдердің менструалды циклына байланысты екендігі анықталды.

Орындалған жұмыстың нәтижелері «Медицинские и биологические основы патологии, охраны и улучшения здоровья человека» атты бағдарламаның орындалуында наркотикалық тәуелді науқастарды, асқазанның және 12-елі ішектің жарасын, рефлюкс эзофагиті, 2 типті қант диабетін тексеру кезінде нормативті көрсеткіштер ретінде қолданды. Проектіні өңдеуге доцент Калинина М.С, аға оқытушы Кругликовская Т.Ф, аға оқытушы Тусупова Н.М, аға оқытушы Джангельдина З.Н белсенді ат салысты. Проектінің тақырыбы бойынша аспирант Асанбаева Д.Э «Цитологическая характеристика суточного ритма слизистой оболочки полости рта в норме и при гастроэзофагеальной рефлюксной болезни» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады (2007ж).

Кафедра АҚКҚ цитологиялық зерттеудің орталығы және ғылыми кадрларды дайындаудың мектебі болып табылады.  Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының оқытушысы Рыбалкина Д.Х кафедрада профессор Куркин А.В және Юй Р.И жетекшілігімен ғылыми стажировка өтіп  «Цитологические параметры и реактивность буккальных эпителиоцитов у детей» атты кандидаттық диссертациясын дайындап, оны қорғады (2008ж). Цитологиялық зерттеудің нәтижелері тек ҚазҰМУ-де (гистология, патологиялық анатомия, терапевтік стоматология, балалардың жұқпалы аурулары кафедраларында) ғана емес, басқа да медициналық оқу орындарының гистология кафедраларында, сонымен қатар денсаулық сақтауда да қолданды (ЖШС «Дента», ЖШС «Авицена»).

2010 жылдан бастап ҒЗЖ басты бағыттары «Реактивность мукозальных эпителиоцитов полости рта при диабете 2 типа» және «Разработка модели антистарения в обеспечении активного долголетия лиц пожилого возраста Казахстана» проектілері болып табылады.

Қант диабеті бар науқастардың жабынды типті кілегейлі қабығының жағдайы бойынша ғылыми талдаудың әтижелері бойынша профессор Юй Р.И мен аға оқытушы Мулькибаева Ш.Ш өнертабысқа инновациялық «Способ неинвазивной цитологической диагностики и моноторинга сахарного диабета 2 типа» атты алдын – ала патент алды (№ 24577 алдын – ала патент мемлекеттік тіркеу нөмірі 2010\0074.1). Зерттеу нәтижелері орасан зор тәжірибелік болашаққа ие, олар қант диабеті кезіндегі ауыз қуысының кілегейлі қабығының патологиясын және гистофизиологиясын бағалаудың шынайы цитологиялық критерилерін ашады.

Соңғы он жылдықта кафедраның 150-ден астам жұмысы жарық көрді. Кафедра қызметкерларі конференцияларға қатысып, халықаралық конгресстерде баяндамалар жасады, диссертациялар қорғағанда опоненттер болды, конкурстық проектілерге, магистрлік диссертацияларға, оқулықтың жазбаларына пікірлер берді, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

«ҚазҰМУ-ң Ғылым Күніне» арналған студенттік конференцияның 3-ші турында баяндама жасаған студенттер «СНО активисті» атты үздік дипломға ие болды, олар:

2002ж Фоменко К.В (4 курс стом.фак) – «Цитологическая оценка эффективности применения зубной пасты на основе живицы сосновой в комплексном лечении заболеваний пародонта» (ғылыми жетекші профессор Юй Р.И)

2002ж Таштитова Л (2 курс пед.фак) – «Количественные исследования продольной микрофотометрией параметров пигментаций» (ғылыми жетекші аға оқытушы Тусупова Н.М).

2003ж Аймагамбетова Д. (2 курс емдеу фак.) – «Некоторые цитологические показатели для оценки эффективности лечения пародонтитов» (ғылыми жетекші доц. Ергазина М.Ж).

20004ж Аймагамбетова Д. (3 курс емдеу фак), Кистанов С. (1 курс стом.фак) – «Характеристика цитограммы буккального эпителия у больных язвенной болезью желудка и двенадцатиперстной кишки» (ғылыми жетекші доц. Семченкова С.А).

2006ж Маметова Т (4 курс емдеу фак.) – «Особенности микроскопического строения зубов и парадонта» (ғылыми жетекші профессор Юй Р.И).

2008ж Дүйсенбаева А (2 курс емдеу фак.) – «Денеден тыс ұрықтандыру» (ғылыми жетекші доц Абильдинов Р.Б).

2008ж Байбекова А., Беркимбаева Д (2 курс емдеу фак.) – «Сравнительная цитограмма эпителия слизистой оболочки твердого неба в течение овариально – менструального цикла и при беременности» (ғылыми жетекші аға оқытушы Тусупова Н.М).

2007 ж «ҚазҰМУ-ң Ғылым Күніне» арналған студенттік конференцияның 3-ші турында 5 курс емдеу факультетінің студенті Мадиев Д «Цитологический анализ секрета околоушных слюнных желез у больных с обострением хронического паренхиматозного паротита»  атты баяндамасымен 1 –ші орынға ие болды.

2011 ж 3 курс емдеу факультетінің студенті Акбергенова Р —  «Изучение цитограммы слизистой оболочки губы при сахарном диабете 2 типа» атты баяндамасы үшін алғас хатымен және 1 – ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

ҚазҰМУ – ң ҒЗЖ Республикада приоритетті болып табылады және Москва қаласындағы биология институтымен, әль – Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология проблемаларының ҒЗИ- мен бірлесіп өңделіп келеді.

ҚазҰМУ гистология кафедрасының зерттеулері алыс және жақын шет елдердің бірде – бірінде жүргізілмеген. Нәтижелер міндетті түрде өзіндік мәні бар және жоғары деңгейдегі бәсекелестікке жетелейді.