«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»

2017 жылдың 31 науыз күні ректорат корпусында, музейде  сағат 11.30  Алаш партиясының құрылғанына  100 жылдық мерекесіне арналған

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тәрбие сағаты болып өтті.

Ұйымдастырушылар ҚазҰМУдың этикалық кеңесі, Университет кітапханасы, Қалыпты физиология кафедрасы және  Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері.

«Биыл 2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне ат салысып,  қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда қанын да, жанын да аяған жоқ. Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел».   Алаштың 100 жылдығын  ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білдік.  Мұндай кештер жастарды Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға,  үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеуде өте маңызды.

Мерекеге арнайы университет кітапханасының қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.