Ғылыми-зерттеу жұмысы

Есеп беру кезеңінде кафедра қызметкерлері «Балаларда тұқым қуалайтын және жұқпалы емес ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын-алуда инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу» атты кешенді тақырып бойынша ғылыми жұмыстар жүргізді.

ҒТЖ-ның  басталу және аяқталудың болжамды мерзімі – 1кв. 2017ж – 4кв. 2019ж. Зерттеу түрі – қолданбалы зерттеулер. ҒТЖ- ны жүзеге асыру жері – Алматы қаласы. ҒТЖ-ң  қатысушылары – РМҚК «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының» және ШЖҚ РМК «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» ғылыми қызметкерлері ( Алматы қ -сы). Бұл ғылыми-техникалық жоба  қаржыландыру үшін  ҚР ДСМ БМҚ аясында өткізілетін қаржыландырылу үшін ҚР- ның ДСМ –де қарастырылуда.Кафедра негізінен келесі бағыттар бойынша ғылыми жұмыстар жүргізеді: бала пульмонологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, неонатология. Кафедра қызметкерлері өткен жылы 8 мақаланы басып шығарды, соның ішінде 5 ғылыми мақала, оның ішінде шетелдік журналдарда – 3. «Балалар аурулары пропедевтикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік нұсқау мен сөздік шығару жоспарлануда. Кафедра қызметкерлері 3 патент алды. Кафедра қызметкерлері халықаралық қатысуымен қалалық, облыстық және республикалық конференцияларда (4 баяндама) ғылыми баяндама жасалды.