“Ұстаз-ұлы тұлға”

08.10.2019 ж. №3 аудиторияда анатомиялық корпуста аға куратор Р. С. Омарова және куратор А. Т. Абжапарова ұйымдастыруымен “Ұстаз-ұлы тұлға” атты ұстаздар күніне арналған әдеби-сазды кеш өткізілді. ЖМ 19-11-1,2; ЖМ 19-12-1,2 курс студенттері және ЖМ мектебінің 2 курс 18-16-02  студенттері қатысты. Іс-шараға гистология кафедрасының меңгерушісі, доцент М. Ж. Ерғазина, гистология кафедрасының ПОҚ және Жалпы Медицина мектебінің декан орынбасары А. Д. Илиясова қатысты.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Зауытта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң түрлі емің – шипалы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:

ол – өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,

Шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,шәкіртсіз өмір – сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің, жанымнан жаныл, жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік!

Ұстаздарға арнап 18-16-02 топ студенті  Мейрамова Айгерімі «Әке-Ана» әнін орындады.  Өзінің өлеңін шығарған ақын қызымыз-Сейтқожа Береке «Ұстазға арнауын» жолдады.

Студенттер Ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрді. Іс-шара өте қызықты өтті.