Елбасының өмір жолы» атты дөңгелек үстелдің қорытындысы

27.11.2018 жылы Гистология кафедрасында кафедра кураторлары Р.С. Омарова, З.Н.Джангельдина, И.А.Мырзаханованың және Жалпы Медицина мектебінің 2 курс 17-07,17-08, 17-10 және 1 курс 18-29 топ студенттерінің ұйымдастыруымен универитеттің Анатомия корпусының № 3 аудиториясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған «Елбасының өмір жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсаты: Елбасымызды ұлықтай отыра, ұрпақтар сабақтастығы, ұлт жалғастығын сақтау, сондай-ақ студенттер арасында патриоттық сана сезімін, өзіндік пікірін қалыптастыру болды.

  • Ел тынысын тереңінен танып кең,
  • Шарапаты бар адамға дарып тең,
  • Елбасының есімі бұл тарихта
  • Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Тұңғыш президентіміздің елімізбен бірге алған асулары мен жеткен жетістіктері айтылып, яғни презентациялық бағдарлама мен соған орай викториналық сұрақтар қойылды, ойындар ойнатылды, студенттер өз өнерлерін көрсетті.Ән айтылып, күй ойналды.

Тұңғыш президентімізге арнап өлең де оқылды.Дөңгелек устел қонақтары яғни мұғалімдер кешті қорытындылап сөз  сөйледі, алған әсерлерімен бөлісті.Сондай -ақ ісшараның белсенді мүшелері студенттеріміз өз ой пікірлерін білдірді.

Іс-шараның соңында кафедра меңгерушісі М.Ж.Ергазина  сөз сөйледі. Елбасының Қазақстан халқының алдындағы ерен еңбектерін атап өтті.A

Іс-шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқандарға алғыс білдірді.