Кафедра тарихы

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1935 жылы құрылған (2015 жылы оған 80 жыл толды). 1935 жылдан 1937 жылдаға дейін кафедра штаты 2-кі адамнан құралған (проф. Патрик Н.П., проф. Кудряков В.Т.) 1941 ауыр жылдарда біздің иниститутымызға  Курск, Витебск және Одессалық студенттер мен оқытушылар келіп қосылды, осыған байланысты кафедра штаты 9 адамға көбейді. Жұмысқа уақытша аурухананың бас дәргіелері  И.П. Беклемишев және А.Н. Юрлова тартылды.

1943-1944 және 1946-1947 оқу жылдары аралығында эпидемиология пәні бойынша сабақ өткізу үшін С.И.Демидовтың Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар иниститутының қызметкері шақырылған болатын. 1952 жылға дейін кафедра штатында бір доцент қана – Е.Н.Бартошевич болған, 1952 және 1963 жылдары екі доцент – А.Ф. Реформатская және Т.И. Дмитровская болды, ол кейіннен 1964 жылы Алматы дәргелер білімін жетілдіру институтының құрылуына байланысты кафедра меңгерушісінің қызметіне ауыстырылды.

1941 және 1948 жылдар аралығында кафедрада 3 докторлық диссертация қорғалды  (Н.П. Патрик, В.Т. Кудряков, Е.Н. Бартошевич). Келесі докторлық диссертацияларды Дмитровская Т.И., Касаткина И.Л., Дмитровский А.М., Култаев М.С., Карабеков А.Ж., Жумагулова А.Б., Дуйсенова А.К., Доскожаева С.Т., Шопаева Г.А., Егембердиева Р.А. қорғады.

Кафедраның құрамына эпидемиология, клиникалық иммунология және аллергология курстары кірген, кейіннен олар жеке кафедралар болып бөлінді.

В 1997 жылы тропикалық аурулар кафедрасы құрылды (меңгерушісі  – доц. Ермұқанова Н.Т.), ол 2002 жылы негізгі кафедра құрамына кірді. Осы уақыттан бастап кафедра жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы деп аталады, себебі кафедрада екі «Жұқпалы аурулар» және «Тропикалық аурулар» (элективтік пән ретінде) пәндері оқытылуда.

Кафедра орнаған уақыттан бастап 10 меңгеруші басқарған: профессорлар Кудряков В.Т., Патрик Н.П., Бартошевич Е.Н., Беклемишев И.П., Касаткина И.Л., Белозеров Е.С., Карабеков А.Ж., доцентер Реформатская А.Ф, Попова С.Н., Доскожаева С.Т.

2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенова А.Қ. басқаруда.

2018-2019 оқу жылында дерматовенерология кафедрасы біріктіріліп, кафедра «Дерматовенерология курсымен инфекциялық аурулар кафедрасы» деп өзгертілді.

С 2019-2020 оқу жылында «Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы» деп өзгертілді.

 

2019-2020 оқу жылындағы жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы оқытушыларының штаттық құрамы

 

№ р\с Аты-жөні Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
1. Дүйсенова Амангуль Куандыкқызы кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
2. Кұрманова Күляш Байсеихқызы профессор, м.ғ.д..
3. Егембердиева Равиля Айтмагамбетқызы профессор, м.ғ.д., доцент
4. Байекеева Күлайша Талипханқызы доцент, м.ғ.к., доцент
5. Садықова Сауле Сейсембаевна доцент, м.ғ.к., доцент
6. Ермұқанова Нұржамал Тлеумұқановна доцент, м.ғ.к., доцент
7. Садықова Айнұр Маралқызы доцент, м.ғ.к.
8. Байхожаева Римма Жақсыбайқызы ассистент
9. Ерғалиева Асия Айткалиқызы ассистент
10. Өмешова Ләззат Абдісабырқызы ассистент
11. Кашім Жұлдыз ассистент
12. Ахілбеков Баурыжан Лесбекұлы ассистент