Тәрбиелік жұмыс

Қазақстанның ары қарайғы әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік саясатқа және әлемдік жүйедегі жоғары кәсіби білім беруге интеграциясына байланысты  болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру ерекше маңыз алуда. Қазіргі заманғы ғылым жетістіктері мен халыққа медициналық қызмет көрсетуде кеңінен еніп жатқан ғылыми технологиялар жоғары оқу орындары түлектеріне қойылатын еңбек нарығындағы талаптарды жоғары көтерді. ҚазҰМУ жалпы қойылатын талаптарға сай теоретикалық және тәжірибелік дайындығы жоғары, қоғамның талаптарына тез жауап бере алатын және мемлекетіміздің дамуына ызығушылық танытатын жас мамандарды даярлауды көздейді. Университеттегі тәрбиелік жұмыс мемлекеттік жастар саясаты дамуының негізігі стратегиялық бағыттары дамуын қарастырады. Кафедра қызметкерлері тәрбие жұмысын 4-курс студенттері арасында жүргізеді. Тәрбие жұмысының бір бөлігі болашақта студент-дәрігерлерге күнделікті өмірде  дұрыс таңдау керектігіне көмектеседі.

Тәрбие жұмысының басты міндеттері студенттердің  тез және ауыртпалықсыз студенттік өмірге бейімделуіне, бағыт алуға үйрету, өз құқықтары мен міндеттері таныстыру, оқу және оқудан тыс кезде университет ұйымымен жұмыс істеу және танысуға бағытталады. ҚазҰМУ талапқа сай жоғары білімді жас мамандарды даярлап шығуға және мемлекетімізге білікті мамандар қызмет көрсетуіне жоғары міндет қояды. Кафедрада жеке және топтасқан тәрбиелік жұмыстар жүзеге асырылады. Әлеуметтік-психалогиялық тұрғыда оқу тәрбиелік жұмыстар студенттерге  тиімді көмек көрсетеді.

2017-2018 оқу жылының басында 4 курс студеттері кафедра және клиникалық базамен бірлесіп, Алматы қаласының күніне және қарт адамдардың күніне арнап заманауи флешмобтар өткізді.