12 қазанда кафедра өзінің клиникалық оқыту орны №4 ҚКА Дүниежүзілік қарттар күніне арнап «Ашық есік күні»

Дүниежүзілік қарттар күніне арнап «Ашық есік күні» атты қайырымдылық шара ұйымдастырып өткізді. Қайырымдылық шара аясында осы ауруханың дәрігерлерімен бірігіп кәрі және егде жастағы науқастарға аурухананың клинико-диагностикалық бөлімшесінде ақысыз қабылдау жүргізілді. Науқастарды келесі маман – дәрігерлер қабылдады.Олар терапевтер -доцент Умарова С, ассистент Мустафин А.Б., травматолог –травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Абакиров М.Д.,  кардиолог – ассистент Мадиева Р.Ч.,  уролог – Кадырбеков А,  УДТ бөлімшесінің дәрігері  Шокаев Д.Ж.,    ЭКГ-маманы    Бижанова А.С.  Науқастарды қабылдау сағат  9:00-дан 15:00-ке дейін. Жалпы кеңестік көмек жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп шығару және қимыл-тірек жүйелері ауруларына шалдыққан 53 науқасқа көрсетілді. Соның ішінде  40 шақты науқастарға  УД- және ЭКГ тексеру жүргізілді.

№4 ҚКА Кеңестік –диагностикалық бөлімшесі

Қабылдауға келген науқастар

Кафедра доценті, мғк Умарова Софья Умаровна науқасты  қабылдауда.

Травматология  кафедрасының  профессоры Абакиров Медетбек  Джумабекович  науқастың тексерісі бойынша кеңес жүргізіп жатыр.