Кафедра құрамы

Қатарбаев Әділ Қаирбекұлы

ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМКның балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина  институтының (ҚММИ) педиатрия факультетін бітірді. 1991-1993жж. ҚММИ  балалар жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатураны өтті. 1993-1996ж.ж.аспирант – Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар жұқпалы аурулар кафедрасында.       2000-2003ж.ж. докторант –  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлтық медицина университетінің (ҚазҰМУ) балалар жұқпалы аурулар кафедрасында.  2003-2007ж.ж. ассистент – ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасында. 2007-2012ж.ж. доцент – ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасында. 2012-2014ж.ж. ҚазҰМУ-нің педиатрия бойынша оқу департаментінің -директоры.

2014 жылдан бері ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1996ж. «14.00.10–жұқпалы аурулар»  мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 2010ж. «14.00.07-гигиена және 14.00.10-жұқпалы аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияны қорғады.

Жалпы жұмыс істеу уақыты – 37 жыл, ғылыми-ағарту саласында – 26 жыл, денсаулық сақтау жүйесінде – 29 жыл жұмыс жасап келеді. Жоғарғы білікті дәрігер ретінде емдік және дәрігерлік кеңестерді өте жоғарғы деңгейде жүргізеді. 1991- 2010 жылдар аралығында Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар аурханасында және Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша кезекші дәрігер болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Алматы қ. Денсаулық сақтау Басқармасының штаттан тыс балалар инфекционисті болып қызмет атқарады. Балалар арасындағы әр түрлі  аса ауыр инфекцияларға республика көлемінде жоғарғы кәсіпқойлық деңгейде кеңестер береді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша, әр түрлі патологиясы бар, аса күрделі науқастарға дәрігерлік кеңестік көмек көрсету үшін Павлодар, Қостанай, Тараз, Шымкент, Қаскелен, Иссык қалаларына үнемі болып тұрады. Сонымен қатар керек кезде ПжәнеБХҒЗО, Сызғанов атындағы ХҒЗО, БҚКА№1, БҚКА №2 және Алматы қаласы балалар емханаларына дәрігерлік кеңестік көмек көрсетеді. Дәрігерлік кеңестік көмек көрсеткен науқас балалардың әке-анасы және медицина ұйымдарының басшылығы атынан Алғыс Хаттарымен ерекшеленген.

Қазақстан Республикасы деңгейінде ҚР ДСМ бекіткен клиникалық протоколдарды дайындаған, Алматы қ. Денсаулық сақтау Басқармасымен бекітілген балалар инфекциясы бойынша аймақтық 28 клиникалық протоколдар дайындаған.

Халықаралық ҒТП жетекшісі болған: «Медико-демографических исследования Казахстана» (Macro International Inc., USA),  «Причины младенческой и детской смертности в Казахстане»  (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ деңгейіндегі ҒТП  емдік тамақтану жолдарын зерттеу бойынша. Халықаралық ҒТП  «ТЕМПУС» және басқа да ҚР ОҒМ мен ҚР ДСМ деңгейінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Германияда «Global Research Initiative-2014» лауреаты болған. 100 аса ғылыми мақалалар мен тезисттерді, 3 монографияны (басқа авт. бірге),      3-оқу әдістемелік  оқулықтарды, 5 оқу-әдістемелік ұсыныстарды (басқа авт. бірге) баспа арқылы шығарған. Үнемі халықаралық ғылыми конференцияларға баяндамалармен қатысады. Авторлық куәлік пен патентке ие. Қазіргі таңда магистранттың ғылыми жұмысына жетекші.

Атқарған еңбегі үшін: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және ҚазҰМУ, ҚР ДСМ «Алғыс хатын» алған, Қазақстан дәрігерлері және провизорлар Ассоциация, Алматы қаласы балалар қалалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Алматы профсоюз Одағы тұрғысынан Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.