Халықаралық қатынастар

Қазіргі таңда халықаралық әріптестік фармакология кафедрасында өте маңызды рөл атқарады. Әртүрлі халықаралық конференцияларға белсенді қатысу, халықаралық пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру кафедра қызметкерлеріне алдағы уақытта бірлескен жұмыс үшін шетелдік әріптестерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Кафедра халықаралық ынтымақтастықты дамытады, визитинг-профессорларды оқу бағдарламаларын жүргізуге, сондай-ақ ҚазҰМУ базасында өтетін халықаралық конференцияларға қатысуға шақырады.

Өзбекстан Республикасы Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, «Фармакология және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушісі Мусаева Дилфуза Махмудовна академиялық ұтқырлық аясында «Фармакология» пәні бойынша С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 30.11.2020 – 9.12.2020 ж. аралығында 3 курс студенттеріне арналған тәжірибелік сабақтар өткізді.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нен медицина ғылымдарының кандидаты, фармакология кафедрасының оқытушысы Сейталиева Аида Мурзекеновна 2021 жылдың 3 наурызы мен 17 наурызы аралығында «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша онлайн оқыту жүргізді.

Фармакология кафедрасы 27.04.2022 ж. Webex платформасында онлайн режимінде, көрші елдермен және еліміздің әртүрлі қалаларынан 13 топтың қатысуымен фармакология бойынша халықаралық пәндік олимпиада ұйымдастырды, қатысқан топтар: «Антибиотиктер», «The Rod of Asclepius», «Блокаторлар» С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, топтар: «Адреналин» Астана қаласы, «Авиценна» тобы: «Вита» ХАО Көкшетау университеті. Ш.Уалиханов атындағы жоғары медицина мектебі, Семей қаласынан «Эрудит» тобы, сонымен қатар көршілес елдерден: «Авиценна», Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің «Жас фармаколог»тобы, Ташми Ташкенттің «Жас фармаколог» тобы, «Жас токсиколог» тобы ТашПМИ Ташкент, «Cum deo» Қырғызстан командасы (Ахунбаев атындағы ҚММА) белсене ат салысты.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті, м.ғ.к., фармакология кафедрасының меңгерушісі Сатбаева Эльмира Маратовна Өзбекстан Республикасы Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде 2022 жылдың 15 сәуірінде «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттарды зерттеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.

Фармакология кафедрасы 2022 жылдың 26-27 мамырында өткен «2nd Gazi University and Astendiyarov Kazakh National Medical University Health Sciences Congress» ұйымдастыруға қатысты, онда 25-тен астам баяндамалар ұсынылды (ауызша аралас онлайн/офлайн форматында).

Университеттің Литва денсаулық ғылымдары университеті  Каунас қаласы (Литва) академиялық ынтымақтастығы аясында фармакология кафедрасының оқытушысы Тамара Владимировна Малкова 2022 жылдың 13.06-25.06 аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Гистология және эмбриология кафедрасында «Тәжірибелік зерттеулердегі тауық эмбрионының хориоаллонтоикалық мембранасының моделі» атты ғылыми тақырып бойынша жұмыстың әдістемесімен таныстыру өтті. Тауық эмбрионының хориоаллонтоикалық мембрана моделі бойынша антибластома әсерін зерттеу кезеңдері біздің университеттің ғылыми-зерттеу тәжірибесіне одан әрі енгізу үшін зерттелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Акад.С.Ю. Юнусов атындағы  өсімдік тектес заттарының химия институты Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының (ИХРВ АН РУз) Ташкент қаласында  фармакология кафедрасының оқытушысы, докторант Хайитова Малика Давранбековна университетішілік жоба аясында 03.10.2022 ж. -04.11.2022ж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.  Ғылыми тағылымдаманың мақсаты жаңа модификацияланған  азагетероциклдер туындыларының аралас аритмиядағы антиаритмиялық белсенділігін зерттеу болды.

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, 2023 жылдың 21 сәуірінде фармакология кафедрасы Фармакология секциясы бойынша жыл сайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиада ұйымдастырды, оған әр қаладан және көршілес елдерден 19 топ қатысты. Ресейдің Нижний Новгород қаласынан Приволжс ғылыми-зерттеу медициналық университетінің «Авиценна мұрагерлері» тобы, сонымен қатар Өзбекстаннан: Ташкент медицина академиясының «Витаминдер» тобы, Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының «Адреналин» тобы қатысты, Ташкент педиатриялық медицина институтының «Адреналин-ТашПМИ» тобы, Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің «MedHub» тобы, Қырғызстаннан Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің «aSPIRin» командасы, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғызстан мемлекеттік медицина академиясының «Cum deo» тобы қатысты. Еліміздің басқа қалаларынанда келген топтар  да пәндік олимпиадаға бесене қатысты, олардың ішінде: Астана медицина университетінің «Pulvis» тобы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Адреналин», «NAVI»топтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Мед эрудит» тобы, Қарағанды Медицина университеті «Пейсмейкер» тобы, Астана медицина университетінің «Дофамин» тобы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Nootropica», «Алхимиктер» топтары.