Халықаралық серіктестік

Кафедра Erasmus+  жобасына қатысады. Профессор Соколов А.Д., кафедра меңгерушісі Ш.О. Рыспекова және аға оқытушыД.Д.Жунистаев халықаралық ғылыми-тәжірибелік «MODEHED – МОДЕРНИЗАЦИЯ УЧЕБНЫХ КУРСОВ ЗДРАВОХРАНЕНИИ В УНИВЕРСИТЕТАХ»  конференциясында «Преподавание нормальной физиологии в условиях внедрения инновационных программ на международном медицинском факультете и факультете общей медицины КазНМУ» тақырыбында жоба қорғады.

«Mode Hed»жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы.

ҚАЗҰМУ- дың топтық әзірлеушілері  Қалыпты физиология кафедрасы , профессор Соколов А.Д., зав.каф Рыспекова Ш.О.,аға оқытушы Жунистаев Д.Д «Mode Hed»жобасы аясында «Физиология негіздері» пәні бойынша модернизациялған оқу курсын дайындады. Бұл курс  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалаврға арналған білім беру бағдарламасы негізінде 2017 жылғы мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазылған.

Модернизацияланған оқу курсы бұл оқу әдістемелік және ең тиімді ақпараттың технологияны оқытуда,білім беру үдерісінде студенттермен өзара  әрекеттесуді қарастыратын оқу әдістемесі.Сонымен қатар, білім беру бағдарламасының мазмұны толығымен қайта қаралып, физиология саласындағы жаңа мәліметтермен клиникалық бағытта толықтырылып, «Адам физиологиясы» пәнін екі кезенде оқытуға бейімделген.

Бірінші кезені «Физиология негіздері» ,екінші кезені «Ағзаның морфология және физиологиясы» пәнін оқыту.

Осы ұсынылған курс бойынша келесі жұмыстар орындалды:

– Физиология негіздері пәні  бойынша  оқу әдістемелік кешені құрастырылды.

– Әзірленген курстың толық мазмұны, оның ішінде мультимедиялық кешен, сонымен қатар оқу әдістемелік материалдар dis. Kaznmu. kz порталына  салынған.

– dis. Kaznmu. kz порталында студенттерді тіркеу алгоритмі ,сондай ақ осы курсын қолдану нұсқаулары жасалды.

– ҚАЗҰМУ-да  «Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенттері арасында апробация өткізілді.