Халықаралық ынтымақтастық

2019 жылдың 4 мен 10 қараша аралығында Литва медициналық ғылымдар университетінің және биологиялық жүйелер және генетикалық зерттеулер институтының профессоры, доктор Лаимутис Кучинскас молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында болды. Осы миссия барысында доктор Лаимутис Кучинскас ОМ, GМ және Педиатрия мамандықтарының бірінші курс студенттеріне «Цитология» пәнінен қысқа дәрістер оқыды және практикалық сабақтар өткізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 23-27 қараша аралығында кафедра меңгерушісі Кудиярова Ж. С. және кафедра ассистенті Кенжеева Ж. К. Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің (ЛУНЗ) әріптестері ұсынған онлайн лекциялар мен семинарларға қатысты.
Біздің студенттер халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.
2020 жылдың 25 желтоқсанында Бұхара мемлекеттік медицина институтында “Әбу Әли ибн Синоның ілімінен үшінші ренессансқа дейін”Халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиадасы өтті. Олимпиада 36 секция бойынша өткізілді.
ХМФ 19 – 25 тобының студенті Беркінбаева Маржан “Медициналық биология. Жалпы генетика ” баяндама бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі-биология ғылымдарының магистрі, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ассистенті Кенжеева Ж. К. Барлық қалған студенттер сертификаттар алды.

Визитинг. 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында Түркия Республикасынан келген биология ғылымдарының докторы, профессор Орхан Жанболаттың, Гази университетінің жаратылыстану ғылымдары саласындағы қолданбалы және ғылыми ғылымдар орталығының директорының іссапары өтті.

Бұл іссапардың мақсаты – ҚазҰМУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, магистранттарды, жоғары курс студенттерін оқыту. Келесі тақырыптар бойынша дәрістер мен семинарлар өткізілді: General information about metabolism, Nucleotide metabolism, Clinical importance of nucleotide metabolism, Antimeabolites, Genetic information, (history of gene, structure of nucleic acids, replication, DNA damage and repair mechanisms, genetic code, mechanism of genetic diseases, transcription, post transcription, translation, post translation), Mitochondrial-electron transport chain-oxidafi phosphorylation, Mitochondrial diseases, Free radical metabolism and clinical importance, Carbohydrate metabolism. Было проведено мастер классы по темам: Mitochondrial diseases, Free radical metabolism and clinical importance, Carbohydrate metabolism. . ҚазҰМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамынан 10 қызметкер, 20 – 2 курс бакалавр студентте студенттері және 2 курстың 5 биомедицина магистранттары қатысты.

Конференция. 2021 жылдың 1-2 желтоқсанында кафедра оқытушылары Молдакарызова А.Ж. және Кенжеева Ж.Қ. Гази университетінде (Анкара, Түркия) өткен халықаралық конференцияға қатысты. Олар баяндамаларын келесі тақырыптарға жасады: Молдакарызова А.Ж. – «The hygienic evaluation of the impact of school supplies on the health of children at the primary school»; Кенжеева Ж.К. – «New biotechnological methods for obtaining yogurt».

Ұйымдастыру. 2022 жылдың 26-27 мамырында кафедра денсаулық сақтау ғылымдарының 2-ші халықаралық конгресінің (Гази университеті (Түркия, Анкара) және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) ұйымдастырушысы болды.

Тағылымдама. Биология ғылымдарының магистрі, оқытушы Қыдырбева Әсем Қияшқызы медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі. Ағымдағы 2022 жылы, 5 қыркүйек пен 16 қыркүйек аралығында ол Польшаның Краков қаласында Эразмус + Child CA жобасы аясында ұйымдастырылған Ягеллон балалар университетінің ауруханасының цитогенетика және молекулалық генетика зертханасында генетика бойынша тағылымдамадан өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағылымдама. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ассистенті Кенжебаева Жанерке Уалиханқызы DAAD алмасу бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 22 тамызы мен 21 қыркүйегі аралығында Йена университеттік емханасында (Йена, Германия) молекулалық медицина бойынша тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында биохимия, медициналық микробиология, молекулалық биология және эксперименттік нефрология зертханаларында практикалық және теориялық дағдылар шыңдалды.

 

 

 

Конференция. Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының ассистенттері 01.11-03.11.2022 (РФ, Нижний Новгород) ТМД елдерінің жас ғалымдарының «Шекарасыз ғылым» форумында баяндамаларымен қатысты. «Дені сау ұрпақ» секциясында Тәсібекова Гауһар Төлепбекқызы 3-4 сынып оқушыларының мектеп құралдарының денсаулығына әсерін гигиеналық бағалау тақырыбымен баяндамасын қорғады. Сондай-ақ «Жайлы орта» секциясында Жөндербек Жазира Айбекқызы «Rosaceae тұқымдасының дәрілік өсімдіктері тұнбаларының антигенотоксикалық потенциалын зерттеу» баяндамасымен сөз сөйлеп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Визитинг. Мехмет Али Ергун Гази университетінің медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, (Анкара, Түркия). Хирш индексі -16. 2022 жылдың 14 қарашасы мен 29 қарашасы аралығында «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасында келесі тақырыптарда дәріс оқыды: Хромосомалық аберрациялар; Қатерлі ісік аурулары; Гендік терапия. Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерге семинарлар жүргізді. Оқу жоспарына сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамға молекулалық биологияда қолданылатын әдістер бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті. Дәріске «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курсының 100 студенті және кафедраның 21 профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Дәрістер күн сайын онлайн режимде өткізілді.