Кафедра құрамы

2013 жылдан кфедраны м.ғ.д, профессор Алмабаев  Ыдырыс  Алмабайұлы  басқарады. Бұл кісінің жетекшілігімен профессор  Ә.Ә. Идрисов және доцент А.Қ.Қайназаров  авторларымен бірікен  Республикада  алғашқы рет  мемлекеттік тілде екі кітап жарық көрді  етеді, «Клиникалық анатомия» (2009ж.) және «Бас және мойынның клиникалық анатомиясы» (2014ж.)

Ы.А.Алмабаев 2003 жылдың ақпан айынан доцент, 2004 жылдың 1 наурызынан профессор болып қызмет атқарды, ал 2013 жылдан кафедра меңгерушісі. Бұл кісі 155 ғылыми еңбектің, 8 авторлық куәліктің авторы, Алматы және Ақтөбе қалаларының  емдеу саларында ғылыми еңбектері қолданылады.

Ол кісі Жоғары медицина мектебі Советінің, ғылыми советтің, терминологиялық комитеттің мүшесі және «Инфекциялы емес аурулар» комитетінің төрағасы.

Ы.А.Алмабаевтың жетекшілігімен 5 кандидаттық дисертация қорғалып орындалды. Кафедра үйірмесіне қатысатын жалпы медицина факультетінің  студенттері арасында Республикалық, Халықаралық жене Университет аралық конференцияларда жоғары дәрежеде жетістікке жетуде.

Курста жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Кафедра профессоры, м.ғ.д. Жаксылыкова Айман Камаловна, ғылыми-педагогикалық өтілі 45 жыл. “Ауыз қуысы түбі анатомиясының жас ерекшеліктері” тақырыбына кандидаттық диссертация; “кадмийлік интоксикация және энтеросорбентпен түзету кезіндегі бауыр мен оның аймақтық лимфа түйіндерінің құрылымдық ұйымы” тақырыбына докторлық диссертация (анатомо-Эксперименталды зерттеу). 110 ғылыми жұмыстың, 4 патенттің, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.  2 ғылыми-техникалық жобаның ғылыми жетекшісі болды: 2014 ж. “Экзосомның экзотоксикоз кезіндегі кадмия иондарын тасымалдаудағы рөлі; 2015 ж. “бауырдың “ажыратылған”, оның реперфузиясы мен түзетуі кезіндегі морфофункционалды өлшемдер мен биохимиялық маркерлер”. Кафедрада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Белсенді қызметі үшін Айман Камаловна ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚазҰМУ мақтау қағаздарымен марапатталды.

Доцент, м.ғ.к. Алмабаев Ғабит Ыдырысұлы курста 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. 20 ғылыми жұмыстың авторы, өнертабысқа 3 авторлық куәлігі бар. Тамырлы хирургия және эндовидеохирургия мамандандырудан өтті.

Дәріскер Мадраимова Загира Абдукаримовна 10-нан астам жұмыс бағдарламасын жазды, көптеген жылдар бойы барлық факультеттерге, оның ішінде республикалық тестілеу орталығына тест жазуға жауап берді. Ол «Жалпы Медицина» студенттері мен тест жинақтары үшін көмекші болып табылады.

Дәріскер Семжанова Жұлдыз Әділбайқызы Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” бағдарламасы бойынша 4 айлық кәсіби тағылымдамадан өтіп, “лапароскопиялық хирургия” және “медициналық орталықты басқару” (Израиль) екі сертификатын алды. 2013 жылы оқу кезінде алған білімдерін енгізіп, дәрігер-интерндерде лапароскопия дағдылары бойынша каскадтық курсты іске қосты.

Ассистент Абильдаев Данияр Айболсынович медициналық ЖОО-да білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы білімін жоғарылатады, мәселен 2009 жылы ол “медициналық білім беруде симуляциялық технологияны енгізу және қолдану” курсынан өтті (Гордон орталығы, Майами).

Ассистент Танабаева Шынар Баймахановна 2019ж. қыркүйек айынан бастап “Медицина”мамандығы бойынша кафедраның Phd докторанты болып табылады. “Гемодинамиканың бұзылуында және оны түзеткеннен кейін бауыр веналарының морфофункционалды қайта құрылуы”тақырыбы бойынша ғылыми – зерттеу қызметін жүргізеді.