Кафедра тарихы

Биохимия кафедрасы – біздің университеттің  ең  алғашқы кафедраларының  бірі, ол  1931жылы құрылды.  Ең алғашқы кафедра меңгерушісі  ҚазКСР   ғылым ына  еңбек сіңірген қайраткер, биология ғылымдарының докторы, профессор  Б.И.Ильин-Какуев болды.

Биохимия кафедрасының ұйымдастырушысы – профессор  Б.И.Ильин-Какуев

1960-1984 жылдар аралығында  кафедра ұжымын ҚазКСР   ғылымына  еңбек сіңірген қайраткер, медицина ғылымдарының  докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері   П.А. Верболович басқарды.

Профессор Верболович П.А.

Профессор П.А.Верболович — зиялы ғалым, талантты педагог, ол 120 жұмыстың, соның ішінде 3 монографияның, 3 оқу құралының авторы.  Ол  кафедраны басқарған 24 жыл ішінде  кафедрада 400 баспа жұмыстары жарияланды. Петр Алексеевич бұлшық ет және эволюциялық биохимия және миоглобиннің патохимиясы  мәселеріне арналған ғылыми қызметпен белсенді түрде айналысты. Алматы мемлекеттік медицина институтының биохимия кафедрасы миоглобинді зерттеу бойынша КСРО-ның  алдыңғы қатарлы  ғылыми мекемелерінің құрамында болған.

Сол жылдары кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын профессор басқарды, оның жетекшілігімен кафедра институттың өнегелі кафедраларының қатарына қосылды.  Татьяна Яковлевна институттың Орталық әдістемелік комиссиясының төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Профессор Полосухина Т.Я.

Кафедраның қызметі аясында СҒҮ ерекше орын алады, әр жылдардағы үйірме жетекшілері:  А.Л.Дюкова, С.М.Плешкова, Н.Р.Аблаев, С.А.Абитаева болса, қазіргі кезде биохимиядан үйірмеге доценттер К.А.Булыгин мен К.Қ.Өмірзақова жетекшілік етеді. Профессор Н.Р.Аблаев СҒҮ дамуына көп үлес қосты. Ол биохимиядан  студенттердің  ғылыми үірмесін 20 жыл басқарды. Біздің СҒҮ студенттер үйрмесі арасында ең жақсысы болды, біздің үйірмешілер студенттердің ғылыми конференцияларына қатысып, жүлделі орындар алды.

Биохимия кафедрасын 1984 жылдан 2012 жылдың 1 қазан айына  дейін кафедраны Қазақстан Республикасы ғылымына  еңбек сіңірген қайраткері, профилактикалық  медицинасының академигі, КСРО және ҚР-ның денсаулық сақтау үздігі, ҚР ғылымына үздік үлес қосқаны үшін  мемлекеттік стипендиаты, медицина ғылымының докторы,  профессор С.М. Плешкова басқарды.

Профессор Плешкова С.М.

Светлана Михайловна ғылыми студенттік үйірмеде 2 курстан бастап, биохимиямен  айналыса бастады.  Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін кафедрада   ассистент, содан соң АлММИ ОҒЗЛ биохимиялық зертханасының  меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1979 жылы  С.М.Плешкова медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1986-1992 жылдар аралығында институттың емдеу факультетінің деканы болды. Оның 270 жұмысы жарияланған, олардың ішінде 1 монография, 25 оқу құралы, 1 оқулық, өнертапқыштық 10 патенттің  авторы.

Оның жетекшілігімен 10 докторлық және 37 кандидаттық диссертация дайындалды. Профессор С.М.Плешкова кафедраны басқарған мерзімде биологиялық химияны оқыту деңгейі үнемі арттырылып отырды, қазақ және орыс  тілдерінде  оқу құралдары мен оқулықтар баспадан шығарылды.

2012 жылдың 1 қазанынан бастап кафедраны биология ғылымдарының докторы, профессор К.О.Шарипов басқарады. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекттік фармацевтикалық академиясының биохимия, биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Кафедра меңгерушісі, профессор К.О.Шарипов

К.О.Шарипов 1966 жылы туылған. Ол өзінің еңбек жолын аға лаборанттықтан бастап,  ассистент, аға оқытушы, доцент болды. 1983 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) фармация мамандығына түсіп, оны 1990 жылы бітірді. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл.  1994 жылы ҚР ҰҒА химия институтында «Ацетилен спирттері мен циклді кетондар негізіндегі жаңа селенорганикалық қосылыстардың синтезі» тақырыбына химия ғылымдарының кандидатығылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 2002 жылы ҚР БжҒМ М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында «Селенорганикалық қосылыстар – бауырдың улы зақымдануын түзетуге арналған жаңа антиоксиданттар» тақырыбына биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. Биология ғылымдарының докторы (03.00.04 – биохимия) – 2002 ж., ҚР ЖАК шешімімен профессор – 2004 ж.

Тіл меңгеруі: қазақ-туған тілі, орыс-еркін, ағылшын-Intermediate, француз-ауызекі сөйлей алу.

Оқу үрдісін жетілдіру мен оның сапасын жақсарту бойынша қомақты үлес қосты (2017 жылғы ББМС), мемлекеттік білім беру стандарттарын, типтік және жұмыс бағдарламаларын дайындауға белсенді қатысты. 2  монография және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі бірнеше оқу құралдарының авторы.  Биохимия және химия кафедрасының меңгерушісі. 150 аса ғылыми еңбегі, соның ішінде алыс және жақын шетелдерде жарияланған, ҚР-ның 4 алдын ала патентінің, ҚР-ның 1 инновациялық патентінің авторы.

Бауырдағы тотығу үрдістерін және улы зақымдануын түзетуге арналған жаңа элементорганикалық қосылыстар мен антиоксиданттық құралдар (ҚР патенттері мен инновациялық патенттер № 10884, №1194, №1193, №13325, №23948) және басқаларды дайындады.

Инновайция бойынша К.О.Шариповтың жетекшілігімен «Микроэлементоздардың даму қаупін бағалау және оларды түзетуге арналған медициналық-профилактикалық және фармацевтикалық түзету шараларын дайындау» ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленді. Қазақстандағы 3 этникалық топтағы (қазақтар, орыстар, ұйғырлар) адамдардың хромасындағы Q-гетеохроматинді аймақтарындағы  полиморфизм зерттелді.

Ол өзінің ғылыми жетістіктерін микроэлементоздарды зерттеу бойынша Еуропалық Ғылым қоғамында (FESTEM) және АҚШ тағы персоналды медицина бойынша(7th International Conference on Predictive, Preventive and Personalized Medicine & Molecular Diagnostics, USE, Chicago,) халықаралық конференцияларда баяндады, сонымен қатар импакт-факторы жоғары халықаралық рейтингтік журналдарда ғылыми еңбектері жарияланған.

1994 жылы химия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне «Синтез новых селеноорганических соединений   на основе  ацетиленовых  спиртов и циклических кетонов» тақырыбына диссертация  қорғады (ҚР ҰҒА Химия ғылымдарының  институты).

2002 жылы биология ғылымдарының докторы дәрежесіне  «Селенорганические соединения – новые антиоксиданты для коррекции токсического повреждения печени» тақырыбына диссертация  қорғады (ҚР  БжҒМ  М.А. Айтхожин атындағы  молекулалық биология және биохимия институты) 120 ғылыми және әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде 2 монография, 4 патент ҚР және 1 инновациялық патенті бар.