Кафедра тарихы

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы 1932 жылы құрылды. Кафедраның негізін салушы және кафедраның бірінші меңгерушісі профессор П.Ф. Беликов болды. Келесі жылдарда кафедраның меңгерушілері болды: профессор  И.А. Сутин, профессор Н.А.Буланов,  профессор Е.И. Демиховский, профессор Д.Ф. Цимбалист, доцент Ю.С. Линецкая, профессор Э.И. Штикель, профессор К.А. Макиров, «Ғылым және техниканың дамуына қосқан үлесі үшін» Мемлекеттің стипендия лауреаты, премия номинанты, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ алтын қорының» мүшесі – профессор А.Л.Котова.

2002 жылдан бері қазіргі уақытта кафеданың меңгерушісі м.ғ.д., профессор  Б.А.Рамазанова – ҚР БҒМ «2012 жылдың жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы», «Ахмет Байтұрысынов атындағы алтын медалі» иегері.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы білім беруде білімді және сауатты мамандарды дайындау бағытын ұстанатын жоғарғы дәрежелі мамандар еңбек етіп жатқан ҚазҰМУ-нің құрылымының бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта кафедрада 20 оқытушы қызмет атқарады: 4 профессор, 5 доцент, 4 аға оқытушы, 7 оқытушы жұмыс істейді.

Осы күнге дейін 79 диссертация қорғалып,  9 және одан да көп монографиялар жарыққа шықты, 5 оқулық, 50 және одан да көп қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдары дайындалды, 8 тест жинағы, 30-дан аса өнертабыстарға авторлық куәліктер алынды, рационализаторлық ұсыныстарға 20 куәлік алынды. Соңғы жылдары 150-ден астам ғылыми мақала жарық көрді.

Рамазанова Бахыт Амануллақызының редакциялауымен медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш «Медициналық микробиология» оқулығы басылып шықты және ҚР ҒБМ   бекітілді. Оқулықтың электрондық нұсқасы басылып шықты.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары адам ағзасының қалыпты микрофлорасы және дисбактериоз, ішек инфекциялары, ауруханаішілік инфекциялар, клиникалық микробиология сұрақтары болды. Қазіргі уақытта халықаралық ғылыми жобаларды және көпорталықты зерттеулерді, сонымен қатар ғылыми жобалар ҚР БҒМ, ҚР ДСМ, ҚазҰМУ орындау аясында кафедраның ғылыми жұмысының басымдығы болып вакцинация сұрақтары, паразитология, микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі сұрақтары және ауру қоздырғыштарының гендерінің өзгергіштігі туралы сұрақтар болып табылады.

Барлық жылдар бойына кафедрада ғылыми студенттік үйірмелер жұмыс атқарып келеді. Кафедраның СҒК мүшелері университеттік және халықаралық  конференцияларда жүлделі орындар иеленіп келеді. Тек соңғы жылдар бойынша жүлделі орын алған студенттер саны 17. СҒЗЖ нәтижелері бойынша 62 мақала шығарылды.

Кафедра 83 жыл бойына өмір сүріп келеді және оның дамуы оң, сындарлы сипатқа ие. Ол кәдімгі тірі организм сияқты, өсіп келеді, даму үстінде, мемлекетте, қоғамда, университетте орын алып жатқан түрлі үрдістерге жауап бере алады.