Биофизика кафедрасы

Кафедра тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасы сол кезде дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген ҚазПИ-дің ғимаратында орналасты. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).

50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.

1975 жылдан кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған жаңа мамандық түрлері – медициналық электроника мен медициналық кибернетика және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері енгізілді. Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.

1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра №2 оқу ғимаратына орналасқан.

Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасының меңгерушілері 1931-2009жж.

  1. Кафедраны құрушы – физика-математика ғылымдарының докторы Литвинов Всеволод Федорович, 1931 жылдан 1934 жылдары жұмыс істеді.
  2. Масленников Исмаил Павлович – доцент, 1935 жылдан 1940 жылдары кафедрада меңгеруші болды.
  3. Лазарев Петр Петрович – академик, КСРО ҒА биофизикалық зертханасының директоры, кафедрада 1941 жылдан 1942 жылдары меңгеруші болды.
  1. Акулов Николай Сергеевич – академик, БССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1942 жылдан 1943 жылдары басқарды.
  1. Слуцкий Абрам Александрович – академик, УССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1943 жылдан 1944 жылдары басқарды.
  1. Масленников Исмаил Павлович – кафедрангы 1945 жылдан 1954 жылдары басқарды.
  2. Казачевский Валентин Михайлович – доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазССР ҒА асто-физикалық институтының Ғылыми хатшысы, физика кафедрасын 1955 жылдан 1972 жылдары басқарды.
  3. Кұдұсов Жұмаш Кұдұсұлы – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1972 жылдан 1984 жылдары басқарды.
  4. Әдібаев Берік Мұкатұлы – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1984 жылдан 2008 жылдары басқарды.
  5. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрмағанбетова Мүгүлсүм Омаровна .

Кафедра заманауи кезеңде

Қазіргі уақытта кафедра штаты 33 қызметкерден тұрады, олардың ішінде: 1-і профессор, 7-і доцент, 9-ы аға оқытушы және 16-ы оқытушы. Кафедрада ғылым саласының әртүрлі бағытында зерттеулер жүргізіледі; 7 ғылым кандидаты, 2 магистран, 7 ізденушілер бар.

Кафедра қызметкерлері бірінші, екінші, үшінші және төртінші курстың студенттеріне мынандай пәндерді: биологиялық физика, информатика, математика, биологиялық статистика, денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар, медициналық электроника, медико-биологиялық үрдістерді бағдарламалау, талдаудың сандық әдістері және математикалық статистика, денсаулық сақтаудағы компьютерлік технологиялар.

Кафедрада 9 компьютерлік кластар, 4 оқу-зертханалық бөлмелер бар. Оқу үрдісінде оқытудың техникалық құралдары мен студенттердің біліміне бағдарламалық бақылау кеңінен қолданылады.

Қызметкерлердің әдістемелік жұмыстары:

• 11 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

• Әрбір пән бойынша студенттер үшін теориялық мазмұндағы әдістемелік нұсқаулар дайындалған.

Студенттердің ғылыми жұмыстары

Кафедрада СҒҮ тұрақты жұмыс істейді. Үйірме, тақырыбы негізінен кафедра қызметкерлерінің ғылыми қызығушылығы бойынша анықталатын нақты жоспар бойынша жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары негізінен медициналық биофизиканың, информатиканың және математикалық статистиканың медицинада қолданылуы аясына негізделген.

Жыл сайын студенттік конференцияларда кафедрада дайындалған баяндамалардың 2-3-і марапаттарға ие болып отырады. Клиникалық ағымдағы студенттер «Студент және ғылыми техникалық прогресс» атты конференцияларға қатысатын бағдарламалар жасайды.

Тәрбие жұмыстары

Кафедра «Жалпы медицина» факультетінің 34 тобына тәлімгерлік жасайды, олармен төмендегідей шаралар: КТК, «Жігіт сұлтаны», «Көктем аруы», «Қыз сыны» конкурстары мен концерттер өткізіледі; мұражайларға, театрларға, Алматының көрікті жерлеріне саяхаттар жасалынады; оқытушылар студенттермен бірге қала өміріндегі шараларға (спартакиадалар, өре бәйгелер, сенбіліктер) белсене қатысады.

Қоғамдық жұмыстар

Барлық қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары бар, университет өміріне белсенді түрде араласады. 4 оқытушының факультет және институт көлеміндегі тапсырмалары бар. Қызметкерлердің басым бөлігі қоғамдық тапсырмаларға жауапкершілікпен және добросовестно қарайды. Кейбір қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары университет әкімшілігі тарапынан да, денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да бірнеше рет аталып өтілген.