Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ –де өткізілген «Репродуктивті денсаулық» атты интерактивті дәріс туралы есебі

Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ –де өткізілген  «Репродуктивті денсаулық» атты интерактивті дәріс туралы есебі

       2015 жылы 20-наурыз күні жедел  медициналық жәрдем беру кафедрасы оқытушылары және ЖМ факультетінің 5- курс студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да жалпы факултеттік салауатты өмір салтын құру үшін іс-шара ұйымдастырылды. ҚазҰУ –ң биологиялық факултетінің 1-курс студенттеріне Жалпы медицина факултеті қазақ бөлімі 514,515 топ студенттері « Репродуктивтік денсаулық» атты интерактивті дәріс өткізді. Іс-шара барысында  қатысушыларға анкета таратылды, ЖМ 5-курс студенттері қазақ тілінде дәріс-дискуссия оқыды; репродуктивті денсаулыққа байланысты видеофильм көрсетіліп, ҚазҰУ студенттерімен интерактивті ойын-дискуссия өткізілді. Студенттерге оқылған дәріске кері байланыс мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді. Бұл  іс –шараны  белсенді  ұйымдастырушылар: доц. Нуфтиева А.И., асс. Ердаш Б.Е., асс. Турланова А.К., ЖМ факультеті 5-курс 514, 515 топ студенттері. ЖОО-ның студенттерінде   педагог ретінде дәріс оқу, берілген тақырып бойынша қызығушылығын ояту мүмкіндіктері болды. Басқа ЖОО студенттері мен оқытушыларымен бұл тақырыпты талқылау барысында қызық  дискуссия орын алды. 1-курс студенттері қойған 20 –ға жуық  сұрақтарына толық және нақты жауаптар ала алды.