Ұйымдастыру жұмысы

Кафедра қызметкерлері үнемі халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференцияларды ұймдастыруға қатысады,сондай-ақреспубликалық денгейде дәрігерлерге формулярлық жүйе  және дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту семинарларын,медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер үшін шеберлік кластарын өткізеді.Жыл сайынҚР Кіші ғылым Академиясының жұмысына қатысады, жылда өткізілетін конференцияларда  жюри мүшелері болады.

ОПҚ ҚР денсаулық сақтау Министірлігінің,университеттің комиссияларжәне жұмыс топтарының құрамына кіреді.Олардың бір қатары Клиникалық хаттамалар өндіру бойынша  денсаулық сақтауды дамыту Республикалық Орталығының сарапшылары, ҚР БҒМ фармакологиядан тесттік тапсырмалар  сарапшылары, Университеттің Жергілікті этика комитетінің,  «Life science» Ғылыми комитетінің, «Жалпы медицина» мектебінің ББК, Халықаралық медицина факультетінің мүшелері болып табылады.